13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА СТАДИОН БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА СТАДИОН БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында тұрғындар арасында салауатты өмірді насихаттау мақсатында игілікті істер атқарылуда. Соның бір дәлелі ретінде Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елдімекенінде бой көтеріп жатқан заманауи стадионды айтуға болады.

Бүгін аудан әкімі Мұрат Қадырбек бастаған жауапты сала өкілдері аталған нысан басына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Өткен жылы құрылысты бастаған мердігер «Kazakh The-Stroy» ЖШС биыл да жұмысты кестеге сай сапалы жүргізіп келеді. Стадионда жүгіру жолы, көрермендерге арналған 500 орындық, жаттықтырушылар мен төрешілерге, медбикелерге арналған жеке кабинеттер бар. Сондай-ақ, командаларға арналған киім ауыстыру мен жуыну бөлмелері, тіпті, салтанатты шараларды өткізуге арналған трибуна да қарастырылған.

Мердігер мекеме басшыларымен жүздескен аудан басшысы құрылыстың сапасына мән беріп, бекітілген кестеден кешікпей нысанды ел игілігіне тапсыру керектігін айтты.

Айта кетейік, бүгінде ауданда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде 60 мыңға жуық жетісайлық спортпен тұрақты түрде шұғылданады.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт кешендерінің жүйесі кеңейе түсіп, мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтыру мен шұғылданушылар саны көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу қажет деген тапсырма берді. Оған сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс жасалуда.

Айта кетейік, Жетісай қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, сонымен қатар, кезең-кезеңімен ауылдардағы спорттық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген осындай ілкімді істердің нәтижесінде, бүгінде ауданда спорттың 19 түрі кеңінен дамытылуда. Тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны 60 241 адамға жетіп, аудан халқының 34,5 пайызын құрап отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІ» 30 МЫҢҒА ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҰЛҒАЯДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНДА ТӨЛЕБИ БАБА СТЕЛЛАСЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі