13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

2 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ  АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданымызда ұстаздарға қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржы пирамидаларының алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қоғамда өзекті мәселеге айналған алаяқтықтан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жиынды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембай ашып, жүргізіп отырды. Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде өткен жиынға Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай мен экономикалық тергеп-тексеру қызметінің майоры Данияр Мадалиев қатысып, алаяқтарға алданып қалмау, қаржы пирамидаларының торына түспеу үшін нені білу керектігін атап өтті.

Қоғамда қаржылық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан алаяқтықтың құрбанына айналғандар басындағы оқиғаларды негізге ала отырып, сенімге кіріп улайтындардан аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттырып, қаражатты тиімді әдіспен пайдалануды ұсынды. Және қаржылық сауаттылықты арттыруда кедергі болатын негізгі мәселелерді атап өтті. Әрі бөгде біреудің жалған ақпаратты жамылып, алдайтындарды байқасаңыз дереу полиция қызметкерлеріне хабарласып, жәбірленушіге айналмаудың алдын алуды сұрады. Бұл өз жеке бастарыңызды арам пиғылды қылмыскерлерден қорғап қалуыңыз үшін маңызды екенін алға тартты.
«Қазіргі таңда бөгде біреудің басқа тұлға атына несие рәсімдеп, қарызға батырып әрі әлеуметтік желідегі сайт акаунттарының құпия сөзін білу арқылы техниканы зиян тигізуге пайдаланатындар көбейіп кетті. Сол үшін көбімізге қаржылық сауаттылықты меңгеріп, табысты жинауды, бюджетті сауатты жоспарлауды және шығындарды рационалды жаратуды үйренуіміз керек. Себебі, бұл қарызға алынған қаражатты сауатсыз пайдалану себебінен борышқорлық күйге түспеуге көмек береді»-дейді Гүлзия Нұрғалиқызы.
Талайды тентіреткен қаржы пирамидасынан сақтану жолдары түсіндірілген жиынның ұлағатты ұстаздар қауымына бағытталуы да бекер емес. Себебі алаяқтарға алданып қалған жандардың басым бөлігі мұғалімдер. Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, заңдылық тұрғыдан кеңестер берілді. Жиын соңында Дархан Полатханұлы киелі ауданымызға арнайы келіп маңызды мағлұматтармен, қажетті ақпараттармен бөліскен қонақтарға отырарлық ұстаздардың атынан шынайы алғысын айтты.

Previous Post

ТӨЛЕБИДЕ ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Next Post

Жигули Дайрабаев Павлодар облысының азық-түлік нарығындағы жағдаймен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі