13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

2 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИДЕ ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы әкімінің халықпен кезекті кездесу Алатау ауылдық округінде өтті. Округ аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 90,1 пайыз. Биылғы жылы жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге асфальт төселді. 6,2 шақырымдағы облыстық маңызы бар КХ-170 «Екпінді-Біркөлік» шипажайына кіре беріс жолды орта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар С.Әбдікерімұлы көшесіне тас төселіп, Біркөлік елді мекеніндегі 6,3 шақырымды құрайтын М.Мақатаев, Боралдай, Л.Хамиди көшелеріне, Екпінді елді мекеніндегі Шалқар, Б.Саттарханов, Ақтоғай көшелерін орта жөндеу өткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Округ аумағындағы табиғи газға қосылған абоненттер саны 1224 үй. ГРПШ саны 917 дана. Нысанбек елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі. Қосағаш елді мекеніндегі ұңғымаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Шұбарағаш елді мекеніндегі бұлақ көзінің санитарлық аймағы қоршалуда.

Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 99,5 млн теңге қаржы қарастырылды. Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан, М.Мақатаев, Бұлақты №1, 2,3, Өгем көшелері, Екпінді елді мекеніндегі Н.Назарбеков, Беткейлі, Тараз көшелеріне 16,2 шақырым электр желісі тартылып, 7 трансформатор, 160 бағана ауыстырылады. Сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің инвестициялық бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс елді мекеніне 2,7 шақырым электр желісі, 96 бағана қойылады.
Нысанбек елді мекенінің 1,409 шақырымына, Абай көшесінің 1,3 шақырымына, Төлеби көшесінің 0,3 шақырымына, Алатау елді мекенінің 1,0 шақырымына түнгі жарық орнатылды.

2022 жылы жүзеге асып жатқан жобалар:
• Екпінді, Шұбарағаш, Қосағаш елді мекендеріндегі ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті.
• Қайнар және Шатыртөбе елді мекенінің су құбырлары мен құрылғылары қайта құрылды.
• «Таш» каналы механикалық тазалаудан өтті.
Үшінші тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар:
• Жол және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында аудан бойынша 20 дана бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, облыстық маңызы бар жолдарға «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныстар берілуде.
• «Жарық жол» мекемесі тарапынан Қорған елді мекеніндегі орталық жолдағы шұңқырлар толтырылды.
• Шұбарағаш елді мекенінің жолы бойындағы көпірдің құрылыс материалдары ол арқылы өтетін көліктердің жүру қарқындылығы жарамды екені анықталды. 2023 жылы көпірдің жағдайына техникалық сараптама жасалады.
• Шатыртөбе елді мекенінің Тамшылы көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарланған.
• Қайнар елді мекеніндегі жаңа мектепке баратын жолға асфальт төселіп, мектептің су есептегіші мен құбырындағы ақаулар ретке келтірілді.

Жаңа форматтағы кездесу тәртібіне сәйкес, аудан әкімі тұрғындарды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айлық көрсеткіштерін таныстырып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген бағыттарды түсіндірді. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, өтініштерін назарға алып, маңызды мәселелер талқыланып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Previous Post

Бүгін қаламызда «Менің алғашқы дауысым» акциясы өтті

Next Post

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі