13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРІСТЕП ӨРКЕНДЕУДЕ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРІСТЕП ӨРКЕНДЕУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Таулы аудан өнеркәсібінің негізгі бағыты жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Бұл бағыттағы аудан потенциалы өте мол. Азық-түлік өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі жыл сайын өсіп келеді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың 9 айында 95 млрд. 520 млн теңгені құрады.
Аудан аумағындағы кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та биылғы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, экономикамыздың басты тетігі болып табылатын кәсіпкерлік саласын дамыту үшін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, әкімшілік кедергілерді жою және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі кезде, ауданда аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 7882. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны — 16 699 адам. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгенің несиесі берілді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша ауданнан 38 жоба қатысып, оның ішінен іріктеуден жалпы 10,0 млн теңгеге 2 жоба өтті. Жобалар жылдың соңына дейін «Даму» қоры арқылы қаржыландырылады.

Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің өркендеуінің бір көрінісі Киелітас ауылдық округінде орналасқан «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехының ашылу салтанаты дер едім.

Цех өндіретін өнім, бұл жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын ерекше қоспа. Ауа-райының кез-келген температурасына бейім, жол төсенішінің біркелкілігін және оны түрлі деформацияланудан сақтайды.
Қазіргі кезде Түркістан облысында жүріп жатқан құрылысқа отандық құрылыс материалдарын пайдалануға басымдық берілуде.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін айтып, 2025 жылға дейін жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берсе, аудан аумағында жұмыс істеп тұрған зауыттың жұмысын жандандыру арқылы облысымыздағы осы мәселенің шешемін табамыз деген еді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ҚАТАРЫНАН БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Next Post

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КӨК ТУ ЖЕЛБІРЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі