13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ҚАТАРЫНАН БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ҚАТАРЫНАН БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жиырма бесінші туры өтті. Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы «Тұранмен» шеберлік байқасты. Бұл ойын аса маңызды еді. Себебі жеңген команда премьер-лигада қалуға мүмкіндік алатын. Тартысты матчта «Мақтаарал» командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл – мырзашөлдіктердің қатарынан бесінші жеңісі еді. Осы арқылы жас команда премьер-лигада қалу мәселесін түбегейлі шешті.

Айта кетейік, «Мақтаарал» командасы 2011 жылы құрылған. 2021 жылғы бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан 2-ші орынды жеңіп алды. Осылайша ауданның командасы облыстар мен мегаполистердің командаларымен иық тіресу үшін премьер-лигаға шықты. Әрине, бұл – шағын ғана ауданның тұрғындары үшін өте үлкен қуаныш.

«Мақтаарал» командасы 30 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Соңғы турда «Ордабасымен» кездеседі.
Есте болса, Мақтаарал футбол клубы 2021 жылғы Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Біріншілігінде 21 ойын өткізіп, ойын кестесі бойынша 46-ұпаймен 2-ші орынды жеңіп алған-ды. Осылайша ауданның командасы облыстың командаларымен иық тіресу үшін Республикалық Премьер-лигасына шыққан болатын.

Әрине, бұл шағын ғана ауданның тұрғындары үшін өте үлкен қуаныш. Салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген Футбол федерациясының Түркістан облысы бойынша филиалының Президенті Хаким Көшқалиев Қазақстанның футбол тарихында ауданнан шыққан команда тұңғыш рет премьер-лигаға шыққанын өте үлкен жетістік екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол аз ғана бюджетпен үлкен шыңды бағындырған команданың жетістігінің құпиясында аудан басшылығының футболды қолдауға деген дұрыс көзқарасы жатқанын, Мақтааралда футболға деген жағымды атмосфера қалыптасқанын тілге тиек еткен. Осылайша ҚР Футбол федерацясының елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы марапаттауға келген өкілдері Мақтаарал футбол клубының ойыншыларына күміс медаль тағып, премьер-лигаға ресми түрде жолдама берген болатын. Естеріңізге сала кетейік, «Мақтаарал» футбол командасы 2012 жылы екінші лига жеңімпазы болған. 9 жылдан бері бірінші лигада өнер көрсетіп келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРІСТЕП ӨРКЕНДЕУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі