13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өңірінде құрылыс көрсеткіші бәсеңдемейді

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан өңірінде құрылыс көрсеткіші бәсеңдемейді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы құрылғаннан бергі кезеңде Түркістан облысы үшін қаржыландырудың барлық көзі арқылы тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көлемі 200 пайызға дейін өсті. Мәселен, 2018 жылы 396,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2021 жыл қорытындысында 823,8 мың шаршы метр пәтердің кілті табыс етілді. Бұл көрсеткіш арқылы еліміздегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан бірден-бір өңір – Түркістан облысы екенін білуге болады.

Жуырда киелі шаһарға іссапар­мен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіс­танды атажұртымыздың алтын қазы­­ғы деп атап өтті. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тари­хымызда айрық­ша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас дің­гегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ жылнама­сына алтын әріппен жазылған көптеген тұлға­ларымыз­дың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің руха­ни астанасы деген мәртебе беріл­генін айтты. Пре­зиденттің пікірін­ше, бұл оқиға Түр­кістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.
«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түр­кістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңы­рағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыр­оймен атқарып отыр. Сол себепті ата жолын ұстанып, Ұлттық құрыл­тайдың келесі отырысын Түркіс­танда өткізуді ұсындым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткен­дей, мұнда соңғы жылдары 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экология­лық ахуалы жақсарған.
Айта кетсек, Түркістан күн сайын құлпырып, жаңарып келеді. Әсіресе, бұрын соңды болмаған тұрғын үй құрылысы жылдам бой көтеруде. Жалпы, Түркістан облысы құрылған 2018 жылдан бергі жылдарға қарасақ, едәуір өсім байқаймыз. Мәселен, 2018 жылы – 3 018 пәтер, 2019 жылы –5 846, 2020 жылы – 6 059, ал 2021 жылы – 6 590 пәтер ел игілігіне ұсынылған. Биыл 97 көп­қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды.

Previous Post

Қытай инвесторлары Түркістанда кіпіш зауытын салады

Next Post

Түркістанда рухани-мәдени нысандардың қатары артады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі