13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен құттықтады.

“Қадірлі жерлестер! Құрметті әлеуметтік сала қызметкерлері!Баршаңызды «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Әлеуметтік салада қызмет көрсету –халықтың әл-әуқатын көтеру, жұмыспен қамту арқылы табысын молайту және мүгедектігі бар адамдарға жәрдем беру.Құрметті әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері!

Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.
Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Осындай жауапты міндетті лайықты атқара білген жанкешті еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіре отырып, Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағыда шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және игі жақсылықтар мен мол қуаныш тілеймін!
Мереке құтты болсын!”,-деду облыс басшысы.

Жалпы, Түркістан облысында әлеуметтік қорғау саласында еңбек жасайтын 3 мыңға жуық қызметкер облыс халқының үштен бір бөлігіне (730 мың адам, (36%)) әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуде.

Әлеуметтік қолдауларды көрсетуде биылдың өзінде 54,3 млрд.тг қаржы бөлінді.
Оның ішінде «Еңбек» бағытын жүзеге асыруға 22,8 млрд.теңге қаралып, 86 686 адам жұмыспен қамтылды, 3 мыңға жуық азамат қайтарымсыз грант алып өз кәсібін ашты.
Мүгедектігі бар азаматтардың 76 пайызы техникалық оңалту құралдары ұсынылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызға дейін, кедейлік деңгейі 2 есеге төмендеді.
Келесі жылы да халықтың табысын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын айтып өтті.
Бұл ретте, жалақы алатын 800 мың адамды тікелей қамтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның болашағы – жастарды қолдау мақсатында жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5%-дан жеңілдетілген шағын несие берілетіні көзделді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімінің мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімі бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады.

2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына аударылады.

Previous Post

БОЛЕЕ 190 МЛН ТЕНГЕ ПОЛУЧИЛИ 64 ЛУЧШИХ ПЕДАГОГА ШКОЛ И КОЛЛЕДЖЕЙ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі