13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА АРТУДА

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА АРТУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында халық саны көбейіп келеді. Ол – қуанышты жағдай. Енді сол елге қажетті жұмыс орындарын, өндіріс орындарын көбейту – уақыт талабы. Түркістан өңірінің тұрғындары қашан да кәсіпкерлікке бейім болған. Кәсіпкерлік субъектілері саны жөнінен Түркістан облысы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін үшінші орында тұр. Кәсіпкерлер саны жылда 10 мыңға өсіп, саны артып келеді. Сондықтан өңірде сала жауаптылары «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіп келеді.

Тіпті Түркістандағы құрылыс жұмыстарында жергілікі кәсіпкерлер атқарып жатыр. Кәсіпкер болу – өте қиын. Ол үшін экономика, заң, бухгалтериядан білім болуы керек. Ұйымдастырушылық шеберлігі жоғары және тәуекелге бара алатын азаматтар ғана мықты кәсіпкер бола алады. Бүгінде өңірде «Кәсіпкерлік қырандары» атты жоба іске қосылған. Танымал, ірі кәсіпкерлер жас әрі ізденіс үстінде жүрген кәсіпкерлерге өз білгендерін үйретеді. Жобаларын қаржыландырып, қолдау көрсетеді. Бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бұл тұрғыда аудан әкімдері де ауыл-аймақтан іскер, кәсіпкерлікке бейім жастарды табу, қолдау көрсету мәселесін басты назарға ұстайды.

Кәсіпкерлік – экономиканың қозғаушы күші. Бизнес өз кезегінде әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі қажет. Ең керегі өңір тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету екені белгілі.
Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, субсидия беру жүйесіде жолға қойлыып келеді. Кәсіпкерлер еркін форматта көкейде жүрген сұрақтарын қоюға да мүмкіндігі бар. Себебі өңірде кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары да жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті жүргізу үшін өңірде қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Бизнес үшін қаржылай қолдау шаралары қолжетімді. «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдар­ламалары кәсіпкерлерге үлкен серпін беріп жатыр. Осы бағ­дарламалар арқылы кәсіп­керлер 17 млрд. теңгеге жеңіл­детілген несиелерді пайдаланды. Жалпы, бағдарламаларды орындау бойынша өңір республикада алғашқы үштіктің қатарында келеді.

Бұдан басқа жергілікті деңгейде жас кәсіпкерлер және стартап жобаларды қол­дау үшін қажетті бағдарла­малар қабылданған. Мәселен, кәсіп­керлер жаңадан құрылған «Атамекен-Түркістан» микро­қаржы ұйымы арқылы жеңіл­детілген 6%-бен несие ала алады. Бүгінде бұл мүмкіндікті кәсіпкерлер ұтымды пайдаланып, 1,8 млрд. теңгеге қар­жыланып отыр.

Несиені алу кезіндегі бас­ты шарт – кепілзаттың болуы. Көптеген кәсіпкер осы тұрғыда қиындыққа кезігіп жатады. Осы мақсатта елімізде алғашқы болып ірі кәсіпкерлердің қол­дауымен «Кәсіпкерлік қы­рандары» жобасының бастау алғаны белгілі. Жоба арқылы ірі кәсіпкерлер кіші кәсіпкерлерге көмектеседі. Қазірдің өзінде 20-дан астам стартап жаңа жоба үлкен бизнес өкілдерінің қол­дауына ие болды.

Кәсіппен айналысамын деген жанға бағыт-бағдар беру үшін ақысыз негізде жұмыс істейтін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсе­ту орталығының» филиал­дары барлық аудан және қалаларда орналасқан.
Жалпы Түркістан облысында барлық сала қарқынды дамып келеді.

Previous Post

Түркістан өңірі - мүмкіндіктер аумағы

Next Post

В Шымкенте стартовал проект "Казахтану"

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі