13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 131 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

27 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 131 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде айтты.

Аудан әкімі Досбол Күздікбайұлының айтуынша, бүгінде ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы асфальт, 181 шақырымы тас, 19 шақырымы топырақты құрайды.Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделсе, ағымдағы жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын: Оның ішінде, 131 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 1 көшені жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. Сайрам су көпіріне баратын жолға көпір құрылысы толық аяқталғаннан кейін асфальт қабаты төселетін болады.

Сонымен қатар, ауданда ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 %. Аудандағы жалпы абонент саны – 66 283. Қалаға қосылған 6 елді мекеннің жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс 2023 жылға өтпелі. Ал, жаз мезгілінде ауыз судын шамадан тыс шаруашылық мақсатта пайдалануына байланысты Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алған болатын. Бүгінде аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде.

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4% жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрайды.
Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке (Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік) «Бірлестік» ЖШС-і жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Брифинг барысында аудан әкімі Досбол Есілбек, аудандағы жарықтандыру, ирригация, абаттандыру жұмыстарына да тоқталды.
Аудан аумағында су басу қауіпі бар 52 мекен-жай анықталды. Оның ішінде бірінші кезекте жалпы ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға 2022 жылы ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і 15 мекен-жайда 6,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнатты. Жұмыстарды толығымен қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылған болса, 2022 жылы 34 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін 16 көше жарықтандырылады деп күтілуде. 2023 жылға – 15 көшені жарықтандыруға жобалау сметалық құжаттамалар әзірленді. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

ОТЫРАРДА 25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН 647 ОРЫН БЕЛГІЛЕНГЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі