13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАРДА 25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

26 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАРДА 25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Терең мазмұны мен маңызы жағынан жоғары деңгейдегі сан алуан, саяси, рухани тұрғыдан айрықша құнды ауқымды іс-шаралар көптеп өткізіліп жатқан тәуелсіз елімізде араға жылдар салып, Мемлекет басшысының Ұлытаудағы алғашқы құрылтайдағы ұсынысымен ұлттық мереке ретінде мәртебелі орнына қайта қонған Республика күнінің маңызы зор.

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы зарыға күтіп, аңсаған арман-тілектеріне, азаттық пен бостандыққа, тәуелсіздікке деген ұмтылыстарына алғашқы жарқын жол ашқан мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған тарихи күн шынында да қастерлі де қасиетті болуға тиіс.

Осындай орны өзгеше биік құтты мерекеге бүкіл еліміздегі сияқты киелі ауданымызда да ерекше мән, көңіл бөлінген сән-салтанатты жағдайда, жоғары деңгейде аталып өтті. Қастерлі мерекенің құрметіне орай бірқатар нысандар халық игілігіне пайдалануға берілсе, әртүрлі тақырыптағы қызықты да мазмұнды өткен іс-шаралар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй, рухани азық сыйлады. Аудандық мәдениет сарайында өткен мерекелік салтанатты кешті солардың ішіндегі ең шоқтығы биік іс-шара болды десек қателеспейміз.

Сахна шымылдығы түріліп, асқақ мерекенің айбынын асырған мемлекеттік әнұранның үні сәулетті сарайды кернеді. «Менің Отаным – менің республикам» атты тақырыпты басты ұран еткен салтанатта аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов жұртшылықты айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Мерекелік жиында ауданымыздың қос басшысы бір топ көп балалы алтын құрсақты аяулы аналарға Алтын алқа, Күміс алқа медальдарын, күні кеше ғана өткен аудандық мәслихат сессиясының шешімімен Отырар ауданының Құрметті азаматы атанған жандарға тиісті төсбелгілері мен куәліктерін тапсырды. Жиында сондай-ақ өмірдегі өнегелі жолдарымен, еңбектегі ерен жетістіктерімен құрметке бөленіп жүрген лайықты азаматтар облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Халқымыздың киелі айтыс өнерінде жүйелі жыр жолдарын өрнектеп топ жарып жүрген белгілі айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов жырдан шашу шашқан кеште сөз алған жерлесіміз, көрнекті ғалым, облысымыз бен ауданымыздың Құрметті азаматы Құлбек Ергөбек құттықтау лебіздерін білдіріп, бірқатар ой-пікірлері мен ұсыныс, тілектерін ортаға салды.

Мазмұнды өткен мерекелік салтанаттың соңы аудан өнерпаздарының қызықты, әсерлі концерттік бағдарламасына ұласып, Ескендір Хасанғалиевтің қуатты «Атамекен» әні мен қорытындыланды.

Previous Post

«7-20-25»: БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ ИГЕРІЛМЕЙІНШЕ БАҒДАРЛАМА ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 131 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі