13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті

25 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Партиялық емес байқау орталығы республикалық штабының төрағасы президенттікке кандидаттар Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаевтың республикалық штабының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Партиялық емес байқау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Төлеген Күнәділов Партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, алдағы сайлаудағы міндеттері туралы айтты. Штаб басшысы байқаушыларды даярлау процесіне, сондай-ақ оларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
«Сайлау – маңызды оқиға және біз азаматтық қоғам өкілдері ретінде әділ дауыс беру үшін үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, заңның сақталуын, сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қадағалайтын боламыз», — деп атап өтті ол.
Штаб өкілдері дауыс беру барысында заңдылық пен әділеттіліктің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастамасына қолдау білдірді және байқаушыларды оқыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Previous Post

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Next Post

ЫНТЫМАҚ-БІРЛІГІМІЗ АРТА БЕРСІН!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі