13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

25 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Share on FacebookShare on Twitter

Құрметті Отандастар!
Қадірлі қазақстандықтар!

Сіздерді қайта жаңғырған ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Кеңестік империя ыдыраған, елең-алаң кезеңде, яғни 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының қабылдануына құқықтық-заңнамалық негіз болды. Тиісінше, сол кезден бастап бұл күн 16 желтоқсан – «Тәуелсіздік күнімен» қатар «Республика күні» деген атаумен мемлекеттік мерекелердің тізіміне енгізілді. Дегенмен, 2009 жылы Декларация қабылданған күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын. Әйтсе де, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен бұл күн қайта жаңғырып, ұлттық мерекелер қатарына енгізілді. Бұл – Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалардың жалғасы әрі ұлттық идеологияны жаңғырту жолындағы нық қадам.

«AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында: «Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз. Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ кешуден өткен халқымыздың қолына қонған бақыт құсы. Біз бұған дейін мемлекетіміз қол жеткізген табыстарға қаншалықты үлесімізді қоссақ, жіберілген қателіктер үшін де соншалықты жауапты екенімізді терең түсінеміз. Өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санаймыз. Яғни, еліміздің өткені мен бүгінін сабақтастыра отырып, кемел болашақ үшін құндылықтарымызды қастерлеп, тарих беттеріне түскен әрбір оқиғаны ұмыт қалдырмау – сіз бен біздің азаматтық парызымыз. Ел аманатын арқалаған саяси ұйым әрдайым ұлт игілігі үшін қызмет атқара бермек.

«Тәуелсіздік Декларациясы» – барынша ұлықталуы тиіс құндылығымыз. Сондықтан, ұлттық идеяға айналған еліміздің тәуелсіздігіне құқықтық-заңнамалық негіз қалаған және бүгінгі саяси дамуымыздың өзегін құраған құжаттың маңызы уақыт өткен сайын арта түседі. Ұлттың ұлық мерекесі құтты болсын, Отандастар! Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Бейсен Тәжібаев,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МАНКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІН АРАЛАДЫ

Next Post

Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі