13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты

21 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентке жұмыс сапарымен келді.
Күн тәртібіндегі алғашқы іс-шара ретінде М.Әйтеновтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және қаланың қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, қоғамдық кеңестің құрамы, депутаттық корпус пен БАҚ өкілдері, сондай-ақ Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі – Кәкімжан Башимов және оның әріптестері конференц-байланыс арқылы қатысты.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы принципті ұстаным билік органдарының барлық басшыларына қатысты екенін атап өтті.
Іс-шара барысында С.Ахметжанов Агенттіктің елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдері туралы хабарлады. Халықты толғандыратын салалардағы сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайларды жою мақсатында республиканың әрбір өңіріне арнайы бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы айтты.
«Шымкент қаласының тәуекелдер картасында білім беру, медицина, құрылыс, жер қатынастары, қаржы, полиция, әлеуметтік қорғау және т.б салалар көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері енді проблемалық салалардағы азаматтар мен мемлекет үшін пайдалы әрекет коэффициенті негізінде бағаланады».
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шаттық Өтеев Департаменттің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндап, мемлекеттік органдардың жұмысында айқындалған сыбайлас жемқорлық схемаларын атап өтті.
Сондай-ақ, Ш.Өтеев жер және тұрғын үй комиссиялары жұмысының, сонымен қатар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, жер қатынастары саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар туралы хабарлады.
Әкімдікпен және полициямен бірлесіп, полицияның сервистік моделінің жұмысын қайта қарау, сондай-ақ қарапайым жұмыскерлер алымдардан зардап шегетін еңбек ұжымдарының ішінде де сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сондай-ақ бизнесті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен қорғау жөніндегі қызметті жалғастыруды ұсынды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ ДҮРІЛДЕП ӨТТІ

Next Post

Шымкентте ардагерлер 11 колледждің студенттерімен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі