13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

18 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президентінің Жолдауы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарымен «New public management» тақырыбында кездесу өтті.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Қыдырбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, оны іске асыру мәселелерін талқылады.

Спикерлер жаңа экономикалық саясат, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру, адами капиталды дамыту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын нақтылап берді. Адами капиталды дамытуға жеткілікті қолдау көрсетілуде. Қазір білім, медицина саласында жаңа технологиялар енгізіліп, бәсекелестік артып келеді. Бәсекелестік заманында білім алып, өз салаларыңның үздік маманы болуларың керек, – деді Ж.Бектаева.

Президент жолдауда ел экономикасын арттыруға да ерекше басымдық беріп, саладағы негізгі мәселелерді атады. Әрі бизнесті қолдау, транзиттік әлеуетті арттырып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тапсырма берген еді. Сонымен қатар: «Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруға тиіс. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін,-деген еді Президен өз жолдауында.

Мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, жастарды Әділетті Қазақстанды құруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Колледж студенттері жастар кәсіпкерлігі, жеңілдетілген несие беру жөнінде өз сауалдарын қойды.

Previous Post

ӘДІЛЕТТІ ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АУРУХАНА МЕН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі