13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӘДІЛЕТТІ ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

18 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ӘДІЛЕТТІ ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«Бір ғана құрылыс саласында 2500-нан астам құжат толтырылады екен. Мемлекет басшысы осындай қажетті-қажетсіз қағазбастылық жемқорлыққа, сыбайластыққа жол ашатынын сынға алды. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді». Бұл жөнінде Достық үйінде өткен жиында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты С.Қуандық тоқталып өтті.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері арасында насихатталды.

— Мемлекет басшысы жыл басынан бері екі мәрте, яғни наурыз және қыркүйек айында халыққа Жолдау жолдады. Алғашқы құжатта Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Референдум өткізіп, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды. Тіптен, өзгерісті өзінен бастады десек артық емес. Яғни, Президенттің туыстары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалмайтын болды. Ал, қыркүйектегі құжатта білім, медицина мен әлеуметтік салаға басымдық берілді. Мемлекет басшысы «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек» дей келе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды, — деді Сұлтанғали Қуандық.

Президенттің жер жыртып, еңбек етемін дегендерге телімді үлестіру керек деуі бекер емес. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту – негізгі мәселелердің бірі дейді. Тіпті жердің құнары, су ресурстары мен суару жүйесі жайлы дұрыс мәлімет жоқ. Озық технология тапшы. Енді субсидия көлемін арттырып, пилоттық жобаларды қолдауды күшейту керек. Бірақ қаржының қайтарымы болуы тиіс. Ол үшін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілі жасылмақ. Бұдан бөлек, су тапшылығы мәселесін де шұғыл қолға алу маңызды.

Сонымен қатар, жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширатып, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында да атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Кездесу қонақтары өзара пікір алмасты.

Previous Post

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Next Post

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі