Кентау қаласындағы орта мектептер мен арнаулы оқу орындарында «Жат ағым-жарға жығар», «Ұлтаралық татулық ел бірлігінің кепілі» тақырыптарында кездесу өтті. Оқушылар мен студенттердің бойында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткен жиында Түркістан облысының Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы КММ дінтанушы-теолог маманы Жалғас Жорабек түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар кездесуге қалалық өзбек этно мәдени орталығының төрағасы Х.Абдуалиев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев және ішкі саясат бөлімінің маманы қатысты.
Кездесулерде мемлекет пен діннің ара қатынасын, дәстүрлі дін мен деструктивті діни ағым айырмасын жан-жақты талдап, түсіндіріп берді. Деструктивті діни ағымдардың шығу тегі олардың қоғамға келтірер залалы, ұлтаралық жанжалдардың алдын алу жөнінде әңгімеледі.
Әсіресе, ата-аналар балаға дін мәселесінде дұрыс бағыт сілтеп, мешіт қабырғасынан сауат ашуға кеңес бергені жөн дер едім. Егер ата-ана балаға имандылық мәселесінде дұрыс тәрбие беріп, оңды бағыт-бағдар көрсете алмаса, жат ағым өкілдері оны өз мүддесіне пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Кездесуге жиылған жұртшылық теолог – дінтанушыға сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.
Кездесу өзара пікір алмасуға ұласып, теолог маман оқушылар мен студенттер қойған сауалдарға тұщымды жауаптар берді.Сондықтан әсіресе, жастар, жалпы ел мұсылмандары ешбір топтың жетегіне ермей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының пәтуасына жүгініп, дәрістерінен рухани азық алайық. Егемен еліміздің ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігін, тыныштығын сақтауда ерінбей еңбек етіп, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз – азаматтық әрі мұсылмандық парызымыз екенін жадымыздан шығармайық!