Бүгін Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде этносаралық татулықты сақтау мақсатында «Татулық пен келісім — басты байлық» атты кездесу өтті.
Жиынға Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ақиқат Абдулаев қатысып, студенттерге этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.
Кездесу қоғамдық сананы, әлеуметтік саясатты жаңғырту міндеттерін айқындаған Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғаны жөнінде ұйымдастырылды.
Тыныштық арқылы – тұрақтылыққа, татулық арқылы – тұтастыққа қол жеткізуді мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу идеясының маңызы тағы да арта түсті.Әр халықтың төл мәдениетін, тілін, ділін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамытуға қолайлы жағдай жасалды. Алпауыт мемлекеттермен салыстырғанда бізде аз ұлттар ұғымы қолданылмайды, барлық этностардың құқығы мен бостандықтары бірдей, үлкен-кіші деп жіктеуге жол берілмейді.Соның нәтижесінде бірде-бір этнос жеке-дара оқшауланып, ерекше этностық мәртебесі туралы мәселе көтерген емес. Керісінше, шығу тегі әр түрлі этностар Қазақстанда дүниеге келіп, өсіп-өнгендерін мақтан тұтады. Өз Отанының дамуына әр қайсысы өздерінің қомақты үлесін қосып, белсене атсалысуға тырысады.
Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласты. Ынтымақты ырысқа, алуандықты байлыққа балаған біз бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Өнегелі ізгі бастамаларымен жаһандық бейбітшілікке зор ықпал еткен Қазақстанның тағылымды тәжірибелері әлем жұртшылығына үлгі болды. Әрине, бұл жетістіктер бізге өздігінен, оңай келген жоқ. Еліміздің татулық пен тұрақтылықтың берекелі бекетіне айналуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді» деген сөзі әрбір қазақстандық ұлт өкілінің жүрегінде жатталды.
Жиында еліміздің жаңа тарихының шешуші кезеңдерінде Ассамблея әрдайым тұрақтандырушы және біріктіруші рөл атқарып келе жатқандығын және еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің шынайы кепілі болып қала беретіндігі айтылды.