Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаева медициналық мекеменің 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді. №52 мектепте өткен есепті жиынға емханаға қарасты елді мекендердің тұрғындары қатысты.
— Емханаға «Самал-2» «Самал-3»,«Шұғыла» шағынаудандары мен «Тельман» бөлімшесінен 64 мыңнан астам адам тіркелген. Тұрғындарға қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетуде бірқатар жұмыстар атқарылды. Мекеме жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталды, науқастарды қолдау жұмысы күшейтілді. Атап айтсам, «Осында және қазір» қағидасы бойынша фронт-кеңсе ашылды. Онда тұрғындардан тоғыз айда 238 ұсыныс қаралып, сараланып шешімі табылды. Ашықтықпен жұмыс істеуде фронт кеңсесі тұрақты жұмыс істеп келеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.
Осы жылы емханамыз сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша аккредитациядан өтіп, халықаралық дәрежеде медициналық қызмет көрсету құқығына ие болды. Бұдан бөлек, республикадағы ұлттық рейтинг бойынша «Гордость здравоохронение 2022» номинациясына ие болды,- деп атап өтті өз баяндамасында емхананың бас дәрігері Айгүл Орынбасарқызы.
Бас дәрігер сонымен қатар тоғыз айда мекеменің кадрмен қамтамасыз етілуі, мамандардың біліктілігін арттыру, мобильді бригада, күндізгі стационардың жұмысы жайында толық мәлімет беріп, алда атқарылатын жоспарлармен бөлісті. Сыбайластыққа жол бермеу, халықпен ашық жүйеде жұмыс жасауда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Бұдан бөлек медициналық мекемедегі цифрлық бағытта атқарылған жұмысқада тоқталды.
Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Тиісті сауалына жауап алған тұрғындар ақхалаттылардың еңбегінің адал екенін атап өтті. Атқарылған жұмыстарды тыңдаған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, қариялар ақ батасын берді.