13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған айтыс өтуде

12 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған айтыс өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Қаратау» өнер мектебінде жас айтыскер ақындар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр. Ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен – Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулкеманов.

Өнер додасына Аллажар Бекмұратұлы, Мейіржан Жақып, Расул Баянбай, Бекарыс Рахматуллаев, Даниял Болысбек, Елсия Құлақмет, Сұлтан Сәуірхан, Нұрғали Әнәпия атты жас ақындар және қаламыздағы білім ордаларының дарынды оқушылары қатысты.

–Бүгін жас ақындардың арасында үлкен дода болып жатыр. Жастардың арасында айтыс ұйымдастырып, ұлттық өнерімізді ұлықтау және отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында осындай іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып отырмыз. Додаға түсіп жатқан жастарға сәттілік тілеймін,-деді Қаратау ауданының әкімі.
Өнер додасында ақындар ұлттық тәлім-тәрбие, отбасындағы ынтымақ, ата-ананың қадіріне жету, бала тәрбиесін дәріптеуде. Сондай-ақ, жас ақындар отбасылық құндылықтар тұтас еліміздің дамуына тікелей әсер ететін басты тетіктердің бірі екенін айтып, ертеңіміздің жарқын болуы үшін осы мәселеге ерекше көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Әсіресе, бала тәрбиесіне, жастарды адал еңбекке, отаншылдыққа баулуға, қоғамды масылдықтан арылтуға қатысты ұтымды сөздер айтылды. Бұдан өзге, жастарға жыр-дастандарды жаттатқызудың маңызы зор екені сөз болды. Одан бөлек, ақындар әдемі әзіл мен қағытпа қалжынға да орын тауып, залға жиналған ағайынның ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетсек, дәстүрлi ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты — еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Алғашында саз мектебі үшін жоспарланып салынғанымен, кейіннен қала әкімінің тапсырмасы бойынша дәстүрлі ұлттық өнер мектебі болып қайта жасақталған өнер мектебi 10 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, ақындық өнер – айтыс, поэзия, әншілік өнер – дәстүрлі ән, жыр-терме, күйшілік өнер – домбыра, қобыз, жетіген, шешендік өнер – көркем сөз, көшбасшылық, актерлық өнер – сахна тілі, кино және театр, би өнері – ұлттық, классикалық, қолөнер – ағаш, былғары, тоқыма, тігіншілік, бейнелеу өнері – кескіндеме, графика, композиция, вокал – эстрада, классика, фортепиано, сольфеджио, мультипликация – анимация, кино, ролик.

Previous Post

Шымкент: 20-ға жуық кәсіпкер арнайы рұқсат етілген жерге көшті

Next Post

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДАР САПАЛЫ ҒАЛАМТОРМЕН ҚАМТЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі