13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: 20-ға жуық кәсіпкер арнайы рұқсат етілген жерге көшті

11 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: 20-ға жуық  кәсіпкер арнайы рұқсат етілген жерге көшті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде орналасқан заңсыз жұмыс істеп келген ағаш базарының кәсіпкерлеріне кезекті рет ескерту жасалды. Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың сөзінше, мұндағы 86 соттық жер телімі қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сауда орталығын салуға рұқсат беріліп,  эскиздік жобасы келісілген. Алайда қазір осы нысанда кей тұрғындар заңсыз ағаш саудасымен айналысып,  жергілікті тұрғандарға кедергі келтіруде.

—Кәсіпкерлерге ағаш базарының талапқа сай келмейтіні туралы түсіндірдік.  Нәтижесінде 1 га аумақта сауда жасаған 20-ға жуық  кәсіпкер арнайы рұқсат етілген жерге көшті.  Қазір жанындағы 86 соттық жер телімі кәсіпкердің жеке меншігі болғанымен тиісті басқармадан ағаш саудасы үшін емес, сауда орталығы құрылысын жүргізуге ғана рұқсат берілген.  Қазір осындағы ағаш базары заңсыз жұмыс істеп тұр. Жер телімі бір ғана кәсіпкерге рәсімделген.  Ал, қалған азаматтардың сауда жасауына рұқсат жоқ,-дейді Абай ауданының әкімі.

Түсіндірме жұмысын жүргізуге полиция мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері де келген.

—Жер иесі 2021 жылдың тамыз айында құрылыс үшін жобалау құжаты әзірленген. Осы құжаты бойынша сараптама алынып,  басқармадан құрылыс жұмысын бастауға рұқсат алған.  Жер телімінің мақсаты —ғимарат пен сауда орталығын салу.  Құрылыс бойынша заң талаптары сақталып,  жерге тиісті құжаты бойынша жобасы бар. Әйтсе де, құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген нысанда сауда жасауға тыйым салынады, —дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бас маманы Досхан Садықов.

Тыйым салынған сауда орнында қазір кәсіпкерлер ағаш сатуын жалғастыруда. Осы түсіндіру назарға алынбаса тиісті басқарма тарапынан әкімшілік айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Previous Post

«AMANAT»: ШАРДАРАДА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Next Post

Шымкентте отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған айтыс өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі