13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Дарынды балаларға — талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне дайындық жұмысы қарқын алды

28 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Дарынды балаларға — талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне дайындық жұмысы қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алған қалалық кезеңінің жеңімпаздарымен дайындық жұмыстары қарқын алды. Қалалық кезең жеңімпаздары: М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Келгенбай Айгүл, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтемір Аяжан. Кездесу барысында олимпиаданың республикалық кезеңіне педагогикалық жобаларды дайындау, бағыт-бағдар беру, пікір алмасу, толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі заманауи ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі заманғы педагог — ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш. Сондықтан да ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа формацияның жаңашыл ұстаз болуды талап етеді.

Әрине, нағыз мұғалім кәсіби педагогикалық қабілеттер мен дағдыларға ие, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын жетік меңгеруі тиіс. Мектеп мұғалімінің өмірге, әріптестерге, балаларға және жалпы адамдарға деген көзқарасы және педагогикалық ұстанымы секілді жеке қасиеттерінің жетілуінде өте маңызды рөл атқарады. Ал кәсіби қызметінің бастауында жас мұғалім белгілі бір қиындықтарға тап болады. Жас мұғалім үшін өз резервтерін шебер пайдалану, өзін-өзі дамыту перспективаларын дұрыс анықтау, кәсіби жағдайларды тиімді пайдалану өте маңызды. Ең алдымен, жас педагог уақыт пен күш-жігерді дұрыс бөліп, үнемі өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуы тиіс. Осы тұста, педагогикалық олимпиаданың ұстаздың біліктілігінің артуына сеп боларын айта аламыз. Олимпиада мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау және білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.

Previous Post

Шымкентте қолға алынған «HR-Рrocess» жобасы нәтижесін беруде

Next Post

«Асыл сөздің зергер шебері» атты әдеби кеш өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі