13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қолға алынған «HR-Рrocess» жобасы нәтижесін беруде

28 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қолға алынған «HR-Рrocess» жобасы нәтижесін беруде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 2020 жылы педагогтарды жұмысқа қабылдайтын жаңа цифрландыру жүйесі іске қосылған болатын. Бұл – республикада алғаш рет Шымкентте қолға алынған «HR-Process» жобасы. Биыл тамыз айында бағдарлама арқылы қаладағы барлық мектептен 362 бос жұмыс орнына конкурс жарияланып, оған 905 өтінім келіп түскен. Оның 201-і комиссияның оң қорытындысына ие болған. Қазіргі таңда осы жоба арқылы мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүріп жатыр.

Алдымен мамандар жоба арқылы ұстаздарды жұмысқа қабылдау ережесімен таныстырды. Олардың айтуынша, мұғалім болуға үміткерлер арнайы жүйеге кіріп, өзінің мамандығы бойынша жұмыс іздейді. Табылған жағдайда өтінім береді. Компьютер кімді таңдайды, сол адамның біліктілігін бағалау жүйесіне өткізеді. Тіпті, сынақта үміткерлердің білімін де компьютер саралап береді. Жүйедегі биылғы жылдың жаңалығы да осы болып тұр. Бұрын үміткер өтінім бергеннен кейін әңгімелесу үшін комиссия алдына келетін. Төрт маманнан тұратын комиссия мүшелері үміткерге білім, психологиялық, логикалық сұрақтар қойып, біліктілігін анықтайтын. Берген жауабына қарай комиссия балл қойып, ең жоғары ұпай жинаған үміткер мектепке мұғалім болып жолданатын. Биыл тамыз айынан бастап, әңгімелесу орнына онлайн түрде өзін-өзі бағалау жүйесі енгізіліп отыр. Бұл тәсіл ҚР Білім министрлігінің №57 бұйрығына сәйкес жаңаша жүзеге асырылуда.

– Өткен жылғы конкурстың екінші сатысында үміткер комиссия алдына әңгімелесуге келетін еді. Биыл тамыз айынан бастап комиссия өкілдері үміткермен әңгімелеспейді, тек компьютердің бағалауын растайды. Комиссия құрамында үміткер жұмысқа жолданғалы тұрған мектептің директоры, білім басқармасының өкілі, әдістемелік орталықтың маманы, қоғамдық ұйым заңгері және пән мұғалімі болады. Комиссия бағалау жүйесін растап болған соң, автоматты түрде байқаудың хаттамасы шығады,- дейді қалалық білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталық директорының орынбасары Кенжегүл Сағындықова.
Бірнеше жыл бұрын мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасу ең өзекті мәселенің бірі болатын. Цифрландыру жүйесі іске қосылғанға дейін тұрғындар «делдал қызметін» атқарып жүрген беймәлім адамдарға алданып қалған жағдайлар көп кездесті. «Hr-Process» жүйесі іске қосылғаннан кейін жоғары оқу орынын енді тәмамдаған жалынды жас мамандар үшін таптырмас мүмкіндікке айналды. Осы цифрлық жүйе туралы ақпарат құралдары арқылы естіп, құжатын тапсырған жас маман Арман Қасқыр 2 жылдан бері қаладағы №88 мектепте математика пәнінен сабақ беріп отыр. Қысқа мерзімде шәкірттері түрлі деңгейдегі білім сайыстарында жүлделі орындардан көрініп, мектеп ұжымы мен ата-аналар алдында абыройлы ұстаздардың біріне айналды.

–2018 жылы жоғары оқу орнын аяқтап, бір жылдан астам уақыт Бәйдібек ауданындағы мектептің бірінде математика пәнінен сабақ бердім. Отбасылық жағдайыма байланысты 2020 жылы Шымкент қаласына қоныс аудардым. Сол жылдың тамыз айында «Hr-Process» жүйесі туралы ақпарат құралдарынан естіп, осы порталдан өз мамандығым бойынша жұмыс іздей бастадым. №88 мектепке математика пәнінің мұғалімі керек екен. Жариялаған бос орынға өтінім бердім. Конкурстың алғашқы сатысынан өтіп, екінші кезеңде комиссиямен әңгімелесуге жіберді. Комиссияда менен бөлек 12 маман үміткер ретінде қатысты. Олардың арасынан 57 ұпаймен озық шығып, 2020 жылдың 10 қыркүйегінен бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа жолдандым, — дейді жас маман.

Кадр іріктеу барысында компьютер үміткерлердің білімінен бөлек, психологиясын саралай алмайды. Мұндай пікірді «Hr-Process» жүйесі арқылы үміткерлердің бағалау қорытындысын растап отырған комиссия өкілдері де алға тартуда.

Айта өтсек, осы жылдың тамыз айында бағдарлама арқылы қаладағы барлық мектептен 362 бос жұмыс орны жарияланып, оған 905 өтінім келіп түскен. Оның 201 комиссияның оң қорытындысына ие болған. Ал, қыркүйек айында 184 бос орынға 1076 үміткер өтінім білдіріпті. Комиссия қорытындысы бойынша тек 75-і мектептерге жолданған екен.

Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Next Post

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне дайындық жұмысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі