13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері үздік үштік қатарында!

27 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері үздік үштік қатарында!
Share on FacebookShare on Twitter

“Ата Заң» Республикалық құқықтық онлайн квиз-тесттің қорытынды нәтижелері шықты. Осыған дейін елдегі облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысы филиалдарының тәрбиеленушілері арасында «Ата Заң» Республикалық құқықтық онлайн квиз-тесті өткiзiлдi.Негізгі мақсат — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін ұғыну, жастарды Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актін зерделеуге тарту болып табылады. тестілеудің нәтижесі бойынша 1 орынды Атырау облысының тәрбиеленушісі Айдана Болат иеленсе, жүлделі 2 орынды атырау облысынан Нұрдана Мансурова мен Ізбасар Мейрамбек жеңіп алды. Ал 3 орын — Шымкенттік «жас сарбаз» тәрбиеленушісі Орал Ерасылға бұйырды.

Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығының “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” пәнінің әдіскері Бақытжан Нұсқабаев пен «Жас Сарбаз» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Сәбит Еркін Бауыржанұлы №24 ІТ мектеп-лицейінің “Жас сарбаз” сыныбының тәрбиеленушісі Орал Ерасылды марапаттады.

Президент саясатының басым бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Осы бағытта Қорғаныс министрлігі «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысын құрған еді. Бұл қозғалыстың республикалық штабының құрамына мемлекеттік органдардың, Қарулы күштердің және басқа да әскери және әскери құрылымдардың, қоғамдық жастар ұйымдарыңың өкілдері кірді.

Жолдауда жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуді күшейтуді басым бағыт ретінде айқындалғаны белгілі. Бұл келісім Шымкентте жастарды әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және жастарды әскери өмірмен таныстыруға зор мүмкіндік.

Айта кетсек, «Жас сарбаз» мектебінде балалар түске дейін негізгі пәндерді өтсе, түстен кейін әскери дағдыларды үйренеді. 7 сыныптан 11 сыныпқа дейін әскери дәріс алып, мектеп бітіргенде аттестатына «Жас сарбаз» сыныбын бітіргені жайлы сертификат беріледі. «Бұл оқушылардың болашақта әскери салаға барғысы келсе, өз септігін тигізеді» дейді «Жас сарбаздар» сыныбының жетекшісі.

Previous Post

Шымкент: Жас жазушы Әлішер Рахатпен кездесу өтті

Next Post

Шымкенттегі бала құқығы жөніндегі омбудсмен жұмысына кірісті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі