13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау: Студент жастар съезд делегатымен кездесті

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентау: Студент жастар съезд делегатымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Партияның кезектен тыс XXIV Съезінің делегаты, халықтық коалиция форумына қатысушы «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арман Басаров «Кентау көпсалалы колледж» акті залында жоғарғы курс студенттерімен, ұстаздарымен дөңгелек үстел басында «ЖАСТЫҚТЫҢ, АБЫРОЙ МЕН ДАҢҚТЫҢ ҚАЛАСЫ» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуді колледж ұстазы, жастар жанашыры Айгүл Тойшиева жүргізіп отырды. Кездесу барысынды, арнайы видеороликтер көрсетілді.

Арман Амангелдіұлы жиналғандарға Съезд жұмысының нәтижелері, жаңа Саяси тұғырнаманың қабылданғаны және алдағы президенттік сайлауға дайындығын әңгімелеп берді.
Партияның Съезінде жаңа саяси тұғырнама туралы жан –жақты айтылғаны, Партияның жаңа саяси платформасын талқылауға 20 мыңнан аса партия мүшесі қатысқаны, құжат жобасы барлық деңгейде талқыланып, ең өзекті мәселелер платформаға енгізілгені, Партияның жаңа саяси тұғырнамасы – заман талабына сай жасалған құжат екені талқыланды.

Түрлі саяси және қоғамдық күштердің ауызбіршілігі қоғамды топтастырудың мүлдем жаңа деңгейін көрсеткенін, осыған сүйене отырып, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен кеңесе келе, форумда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалиция құру туралы шешім қабылданып, коалицияға кірген Саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау арқылы болашақты таңдайтындарын, Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан барлық реформаларды толық қолдайтындарын атап өтіп, бір ауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Президенттігіне лайықты кандидат деп есептеп, қолдады — деп өз сөзін түйіндеді Съезд делегаты Арман Басаров.

Кездесу барысында, колледж студент жастары Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен үміт артатынын және ол бастаған реформалардың сәтті жүзеге асатынына сенетіндіктерін жеткізді.

 

Previous Post

Ауылдардағы мәселе ұдайы бақылауда

Next Post

Кентау: "Кітапханаға кітап сыйла" қайырымдылық акциясы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі