13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауылдардағы мәселе ұдайы бақылауда

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ауылдардағы мәселе ұдайы бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов бекітілген кестеге сәйкес Қараспан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Аудан басшысы алдымен жыл басынан әр сала бойынша атқарылған жұмыстарға және алғашқы кездесуде қараспандықтар тарапынан айтылған ұсыныстардың орындалуына тоқталды.
Жалпы, аталған ауыл округі тұрғындары 82 ұсыныс-пікір білдірген. Оның 13-і орындалып, 35-і орындалу үстінде. Қалған 34-і 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізіліп отыр. Ұсыныс-пікірлердің дені коммуналдық салаға бағытталған.

— Өздеріңізге белгілі, бұған дейін облыс орталығына көп көңіл бөлінді. Жаңа облыс болған соң солай болуы заңдылық. Енді ауылдарға көп көңіл бөлінетін болады. Ол туралы облыс басшысы да халықпен кездесулерде айтып жүр. Яғни, ауылдардағы мәселелер ұдайы бақылауда болады. Оның ішінде табиғи газбен, ауыз су құбырларымен, сапалы электр жарығымен қамту бүгінгі күннің басты талабы. Одан бөлек жол салу, абаттандыру жұмыстары да мықтап қолға алынып келеді. Әлеуметтік нысандардың құрылысы тағы бар. Мысалы, Қараспан ауылдық округіндегі бірқатар ауылдардың көшелеріне жарықтандыру құрылғыларын ауданның даму жоспарына, “Ауыл — ел бесігі” жобасына енгізіп отырмыз. Кейбір жерлердегі желілерді осы жылы іске қосқалы жатырмыз. Батыр ата ауылына бүгінгі күнге дейін 4 шқ.газ құбыры тартылып, келесі жылы ауылға газ берсек деген жоспарымыз бар. Мәдениет, Жұлдыз ауылдарын газдандыру жұмысы 2023-2024 ж.ж.даму жоспарына еніп отыр. Мақташы мен Бейсен ауылдарына да келесі жылы газ беріледі деп жоспарлануда. Қараспан, Төреарық ауылдары да сол мерзімді қамтымақ. Яғни, газдандыру жұмыстары рет-ретімен, тиісті кезеңдеріне сәйкес жүргізіліп жатыр. Одан бөлек Мақташы ауылы ауыз сумен қамтылғалы жатыр, — деді аудан басшысы.

Кездесуде ауыл тұрғындары ортақ жайылым жерді реттеу, жастарға спорт алаңшаларын орнату, балабақша, мәдениет үйін салу, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу сияқты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімі Нұрбек Бадырақов әр сауалға, ұсынысқа нақты жауаптар беріп, қайсы мәселенің осы жылы, қайсысының келесі яки одан кейінгі жылдары жүзеге асырылатынын айтты.
Шара соңында аудан әкімі қараспандықтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Previous Post

Ордабасы: Барлық мәселе рет-ретімен шешіледі

Next Post

Кентау: Студент жастар съезд делегатымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі