13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби — «Үлгілі көше» номинациясының жеңімпазы

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Төлеби — «Үлгілі көше» номинациясының жеңімпазы
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, аудан әкімі Төлеген Телғараевтың қолдауымен көркейту, санитарлық тазалық, көгалдандыру ісінде үздік деп танылғандарды ынталандыру мақсатында байқау өтті. Конкурсқа ауданның 55 елді мекені, 500-ге жуық көшесі қатысып, мұнтаздай тазалығы, абаттандыруымен танылып, көпшілікке үлгі болғандар марапатталды. Үш номинация бойынша жеңімпаз атанғандарға аудан әкімі тарту ретінде балаларға арналған ойын алаңшасын салып беру үшін бюджеттен арнайы 37 млн 500 мың теңге қаржы бөлді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» номинациялары бойынша іс-шара мәресіне жетті. Қатысушыларға қыркүйек айының соңына дейін уақыт берілген болатын. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сайыста «Үлгілі елдімекен», «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

Сайыстың нәтижесіне сәйкес, Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елдімекені «Үлгілі елдімекен» номинациясына ие болып, Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек елді мекенінің Төлеби көшесіне «Үлгілі көше» номинациясы берілді. Бұдан бөлек, Алатау ауылдық округі, Қосағаш елді мекені, Сақ Әбдікерімұлы көшесі №30 үй иесі Әнуар Әбдікерімовтың үйі «Үлгілі аула» номинациясында жеңімпаз болды. Сыйлық есебінде балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізіліп, ел игіліне пайдалануға берілді. Байқауда үш номинация бойынша жеңімпаз атанған елдімекендерге балаларға арналған ойын алаңшалары тарту етілді. Заманауи талапқа сай салынған алаңшада ойын элементтерінің барлығы қойылған және балалардың қауіпсіздігі үшінде барлық жағдай жасалған.

Балалар ойын алаңшасының ашылуына аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаев, Көксәйек ауылдық округінің әкімі Жексенбек Сарсаулетов қатысып, балаларды қуанышымен, тұрғындарды жеңісімен құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, игі істің ұйытқысы болған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлына өз ризашылықтарын жеткізді.

Заманауи талапқа сай алаңшада ойын элементтерінің барлығы қойылып, балалардың қауіпсіздігі үшін едендеріне сапалы резеңке жабын төселді. Ойын алаңшасы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортпен айналысуына толық мүмкіндік береді. Бұл жоба алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Previous Post

Шымкенттік жастар сала мамандарымен кездесті

Next Post

Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күні: Шымкентте ашық есік күні өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі