13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік жастар сала мамандарымен кездесті

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік жастар сала мамандарымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» және «Отбасындағы зорлық-зомблықтың алдын алу» бойынша кездесу өткізілді.
Іс шараның мақсаты жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы, топ жетекшісінің орынбасары Қайрат Анарбаев, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова және «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің» студенттері қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылық проб­ле­малары қоғам үшін өзекті мәсе­ле­ге айналды. Еліміздің Президенті әр Жолдауында әйелдерге қарсы тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін жа­за­ны қатаңдатуды міндеттейді. Осы орайда балалар құқығын қорғау және тұр­­мыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – басымдығымыз болуға тиіс. Биыл­ғы жылы да балалар құқығын қор­ғау­ға басты назар аударылды.

Жалпы, қазір елде түрлі жобалар қолға алынған. Осы әс шаралар арқылы отба­сы­лық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың барлық кезеңдерін қамтуға мүмкіндік туа­д­ы. Оны анықтауға, профилактика жүр­гізуге, жолын кесуге, қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге және оңалтуға жағдай жасайды. Бұдан басқа, заң жобаларында тұр­мыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің аясы кеңейтілді. Оның әрбір кезеңінде ведомствоаралық үйлестіру мәселесі шешілді. Өтініш беру қағидатынан анықтау қағидатына көшу үшін заңнамалық жағдайлар жасалды.

Previous Post

Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы ақпарат берілді

Next Post

Төлеби - "Үлгілі көше" номинациясының жеңімпазы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі