13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда жылу маусымына дайындық жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының жылу жүйелері 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешендік іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұл туралы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Рысбеков мәлім етті.

Жауапты сала басшысының айтуынша, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде Кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады.

Бүгінде Түркістан қаласында жалпы 40 579 абонент бар, соның 95,2%-ы табиғи газ берілген. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І ші мөлтекауданда 58 дана, ІІ ші мөлтекауданда 15 дана, ТГЖД аумағында 2 дана орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында 38 дана, Әкімшілік іскер орталығында 14 дана жалпы 127 дана көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылумен қамтылған. Бұдан бөлек, І ші мөлтекаудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен Мәдени, рухани орталығындағы 11 нысанға жылу берілген.
Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындар мен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21 000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда. Отын базасында 1 тонна көмірдің бағасы 14800 теңгені құрап отыр. Қазіргі күнде қаладағы көмір базаларына 40000 тонна көмір тасымалданған. Оны мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары жеткізіп алуда.

«Газбен қамтамасыз етуші «ҚазТрансГаз Аймақ» ашық акционерлік қоғамымен келісім шарт жасалған. Кәсіпорында жылу беру маусымында 146 штат бірлігімен жұмыс атқарады. 2022-2023 жылғы жылу беру мусымында бекітілген ереже мен нормативтерге сәйкес үздіксіз жұмыс атқарылды. Қала қысқы маусымға толық дайын», — деді кәсіпорын директоры.

Айта кетсек, Түркістанда биылғы жылу маусымы 1 қарашада немесе сыртқы ауа температурасы +8 С-тан төмен қатарынан 3 күн болған жағдайда басталмақ.

Previous Post

Түркістандық каратэшілер ел чемпионатында жалпы командалық есепте көш бастады

Next Post

Түлкібас: Аудан басшысы бюджеттік мекемелердің жылыту жүйесін толық іске қосуды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі