13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық каратэшілер ел чемпионатында жалпы командалық есепте көш бастады

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандық каратэшілер ел чемпионатында жалпы командалық есепте көш бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 7-9 қазан аралығында ересектер арасында WKF каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының құрамасы командалық кумите бағдардамасын орындауда топ жарды. Сондай-ақ, ерлер арасында да каратэ спортында ката бағдарламасы бойынша өнер көрсетіп, көш бастады.

Түркістандық спортшы Мәди Катешов жеке ката бойынша жеңімпаз атанса, жекпе-жек сайыста +84 келі салмақта Абылай Төлтай алтын медаль иеленді. Бұдан бөлек, әйелдер кумитэ бағдарламасы мен ерлер командасы арасындағы жарыста ката жекпе-жегінде Әсел Қанай күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Олжас Құлажан мен Гүлмира Үсенов күміспен күптелді. Ал, Еркебек Спандияр, Фатима Ерматова, Маржан Әшім мен Әбен Меруерт қола жүлдегер атанды.

Жарыс нәтижесіне сәйкес, облыс споршылары 4 алтын, 3 күміс және 4 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте бас жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың санын арттыру үшін Түркістан облысында жұмыстар жүргізілуде. Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Мұз сарайының» құрылысымен танысты. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Мұнда қысқы спорт түрлерінен үйірмелер ашылмақ. Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда. Ғалымдар мен кәсіби мамандардың пікірі ескеріліп, тарихи келбетін жоғалтпауға басымдық берілуде. Түркістан қаласында сондай-ақ «Теннис орталығы», Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары ашылады.

Previous Post

ТУРКЕСТАН: В Созаке прославили фронтовиков и матерей-героинь

Next Post

Түркістанда жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі