13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еңбекші ауданында “Қазыналы қарттарым” атты мерекелік шара өтті

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Еңбекші ауданында “Қазыналы қарттарым” атты мерекелік шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбекші ауданында қарттар күніне орай “Қазыналы қарттарым” атты мерекелік кеш өтті. Шараға ауданға еңбегі сіңген ардагерлер мен зейнеткерлер, қоғам белсенділері шақырылды. Салтанатты жиында ардагерлерге арнап қалалық өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. 8 бала 29 немере сүйіп отқан Сәуле Тасыбекова 40 жыл бойы ұстаз болып қызмет еткен. Саналы ғұмырын балаларды білім нәрімен сусындатуға арнаған ардагер ұстаз қазір аудандағы әжелер алқасының мүшесі. Ол бүгінгі іс шараға талай жылғы еңбегі ескеріліп құрметті қонақ ретінде шақырылған. Сөзінше, ол талай жылдан бері осы Еңбекші ауданында әжелердің құрамында. Осы іс-шараны ұйымдастырғандарға алғысын да білдіріп отыр.

Айта өтсек, Еңбекші ауданында 25 мың зейнеткер тұрады. Олардың арасында ел дамуына қосқан үлесі мол, қоғамның белді мүшелері де өте көп.

Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жайшыбековтың айтуынша ауданға қарасты ардагерлердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, мерекелік шаралар өткізіп тұрады. Ардагерлер кеңесі зейнеткерлерге тек мерекесінде ғана емес, Наурыз мерекесі, әйел-аналар күнінде мерекелік дастархан жайып, демеушілер мен әкімдік тарапынан бағалы сыйлықтар беріп тұрады екен. Қазыналы қарияларды құрмет тұтып, төрден орын берген бұл шара 15 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Мерекелік кештің басы қасында болып, демеушілік еткен мәслихат депутаты Рәшкүл Оспаналиева қарияларды құрметтеу біздің басты парызымыз дейді. Аға буыннан кейінгі ұрпақ ісімізден үлгі алып осы шараны жалғастырса деген ниеті де бар. Себебі қарты бар ел, қазыналы ел деп бекер айтпаған. Қашан да ардагерлерімізді құрметтеп, сыйлап олардың айтқан үлгілі сөздерін ойымызда тоқуымыз тиіс,- дейді халық қалаулысы.
Шара барысында қалалық өнерлі жастар ардагерлерге деген құрмет-ілтипатын әсем әнмен білдіріп, мерекенің көркін қыздырды.

Previous Post

Жолдаудағы заң үстемдігі: Сарапшылар пікір алмасты

Next Post

Сауда орталығында өрттың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі