13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауда орталығында өрттың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өтуде

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сауда орталығында өрттың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы ірі сауда базарларында соңғы 5 жылда 6 өрт шығу фактісі орын алды. Ал былтыртап «Орталық Қырғы» базарында, «Шымкент-Тұлпар» ЖШС қарасты автобөлшектер базарында, «Сайдыгани» ЖШС мен «Альянс» ЖШС-на қарасты базарлар тілсіз жау құрсауында қалды.
Шымкент қаласының ТЖ департаменті жасаған талдауға сәйкес, электр құралдарының техникалық пайдалану және монтаждау тәртібінің бұзылуы көп ретте өрттің шығуына себеп болған.

Осыған байлынысты киімдер мен халық тұтынатын тауарларды сататын сауда орталықтарында болуы мүмкін өрттерді алдын алу үшін өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде.

Жаттығу «Автонұр», «Шымкент Тұлпар», «Самал», «Алаш» базарларында өткізіліп, сауда қатарларында электр сымдарының тұйықталуынан орын алған шартты өртті сөндіру тәртібі пысықталды.

Жаттығу кезінде өрт жалыны көрші бутиктерге таралады. Нысанның күзетшілері жедел түрде «101» қызметіне хабарлайды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына №2 шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес бағытталған күштер мен құралдар жөнелтіледі. Алғашқы келген бөлімшелер эвакуациялау жолдарын қорғауға және адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару тәртібін пысықтаса, қалған бөлімшелер өрт ошағын іздеп,тауып сөндіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел ден қою іс-қимылдардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Шара барысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің негізгі және арнайы өрт сөндіру техникаларының, офицерлік және жеке құрамының, апаттар медицинасы орталығының, жедел-құтқару жасағының қызметкерлерінің, жол-патрульдік полиция қызметінің және қалалық энергетика, су шаруашылығы қызметтерінің дайындығы тексеріліп, өзара әрекет ету тәртібі бағаланады.

Previous Post

Еңбекші ауданында “Қазыналы қарттарым” атты мерекелік шара өтті

Next Post

Түркістан облысының әкімі ауыл-аймақтарды дамытуға басымдық берілетінін айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі