13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Миллионер» қаланы ұйыстыратын жоба

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Миллионер» қаланы ұйыстыратын жоба
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент — республикалық маңызға ие үшінші қала. Бүгінде миллионнан астам тұрғыны бар қалаға жаңадан қосылған және шалғай орналасқан аумақтардағы тұрғындарға ерекше назар аударылып отыр. Тамыз айының 1-не басталған ілкімді жоба қазанның 16-на дейін жүзеге асырылмақ.
Жоба аясында көптеген жұмыс атқарылмақ. Мәселен, жаңадан қосылған және шалғай орналасқан аумақтардағы тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, танымдық, спорттық сайыстар арқылы тұрғын алаптардағы халықты қала өміріне бейімдеу жұмыстары қолға алынып отыр.
Аталмыш аймақтың жастары мен қыз-келіншектері арасында спорттың 5 түрінен жарыстар өткізілді. Ал, мемлекеттік мекеме қызметкерлері өңірдің үлгі тұтар азаматтарымен кездесулер ұйымдастырып, олар өз кезегінде тұрғындардың көкейтесті мәселелерімен етена танысуға мүмкіндік алды.
Жобаны діттеген мақсатына жеткізу үшін тұрғындармен қатар, жергілікті полиция қызметкерлері, білікті психологтар, аудан әкімшіліктері мен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма мамандары атсалысып келеді. Яғни, түрлі іс-шаралар арқылы қалаға жаңа қосылған және шалғай аймақтағы жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді дүниетанымды етіп тәрбиелеу көзделіп отыр.
Ұрпақ саулығы – ұлттың басты байлығы. Ал саламатты ұрпақ өсіру­дің бірден-бір тиімді жолы – бұқаралық спортты дамыту. Сон­дықтан шаһарда бұл мәселеге де тиіс орын берілген. Өткен жылғы мәліметке көз жүгіртсек, шаһарымызда бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. Сондай-ақ бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, Шым­кентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвес­торлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды.

Previous Post

Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары іске асуда

Next Post

Шымкентте ҚР Кәсіподақтар күні аталып өтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі