13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар ауданында жаппай сенбілік өтті

8 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Отырар ауданында жаппай сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты Республикалық акциясы бастау алды. Аталған акция аясында ауданда жаппай сенбілік өтті. “Тазалық денсаулық кепілі” деген ұстаныммен көшет отырғызу, тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысты. Бұл игі іс-шарадан мекеме, ұйым қызметкерлері де шет қалған жоқ. Сенбілікте төңіректер тазаланып, тал-дарақтар әктелді, арық-атыздар шабылды, мекеме-ұйым ғимараттары алдына көшеттер отырғызылды.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, ортаның ластануына жол бермеу.

Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды. Нәтижесінде жол жиектері және арық жүйелері қатты қалдықтардан, арам шөптерден тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Ауыл – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Сенбілік барысында осыны жастарға сабақ еткен тұрғындар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті.

Жалпыхалықтық шара барысында ауызбіршілік пен ынтымақтың ерен үлгісін көрсеткен көпшілік көңілді әрі белсенді қимылдап, тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысты. Жалпы отырарлықтар сенбілік жұмыстарының екіжақты тәрбиелік мәні бар деп санайды. Біріншіден жастарды еңбекке баулу болса, екінші жағы туған жеріміздің таза, әрі тартымды болуы, яғни, ішкі мәдениеттілікті қалыптастырудағы маңызы зор.

Сала жауаптылары тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырады. Себебі, Отан – баршамыздың ортақ мекеніміз,-дейді олар.

Previous Post

Отырар ауданының әкімі бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады

Next Post

Отырар ауданы: Түйінді мәселелер дұрыс әрі тиімді шешілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі