Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ауыл округтердегі маңызы бар бірқатар кәсіпкерлік нысандарға барып, жұмысын саралады. Бүгінде облысымызда балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналуда. Облыс көлемінде өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. Іссапар барысы алдымен Көксарайлық кәсіпкер Әбужахил Есмұрзаевтың шабақ балық өсіру орнымен танысты.
Көксарайлық кәсіпкер көлде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауданда өсірілген балықтарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Бүгінде Әбужахил Есмұрзаевтың иелігіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығы 1992 жылы құрылған. Кәсіпкер қазіргі таңда Көксарай ауыл аумағында ораналасқан «Көксарай көлінде» 2016 жылдан бастап шабақ балық өсіру кәсібімен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 10 адам жұмыс жасайды.
Аудан әкімі Сәкен Сұтанхановпен кездескен жеке кәсіпкердің мәліметінше алдағы уақытта арнайы балық өсіретін зауытты іске қоспақ. Жалпы, осы жоба іске асқан жағдайда, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, балықтарға арналған азық (гидопоника) өсіруге арналған цех ашып кәсібін одан әрі дамытатындығын жеткізді.
Кәсіпкер енді ендегі жерде «Көксарай көлінің» аумағына жасыл желек егіп, су бұрғақ орнатуды және демалыс аймағының құрылысын жүргізіп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Кәсіпкерлік нысан иелермен кездескен аудан әкімі, жұмыстарына сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан қолдау білдіретдігін жеткізді.
Айта кетсек, Тәуелсіз еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. Мақсат – өткен тоқсанда округ тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, басқа да мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқылау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту ісінде қосымша ұсыныс-пікірлерді тыңдау.Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов кәсіпкерлік нысанды аралап ғана қоймай, тұрғындармен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағынан даму қорытындысы мен биылғы жылға белгіленіп отырған міндеттер туралы баяндап тұрады.