13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үшінші мегаполис тағы бір саябақпен толығады

3 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Үшінші мегаполис тағы бір саябақпен толығады
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа демалыс орны қаладағы 11- ші шағынауданда салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сай халыққа жайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету мақсатында нысанның жұмысын бақылап, тексеріп шықты. Бүгінге 1,600 га аумақты қамтитын саябақта амфитеатр, құрғақ субұрқақ және сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.
Сонымен қатар, ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы дәне велосипед қоятын орын бар. Әрі көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылған. Және саябақта биодәретханалар болады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, саябақтың құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, ал көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр. Жалпы бұл саябақтың құрылысы 2021 жылдың маусым айында басталған. Қазіргі таңда жұмыстың 93 пайызы аяқталып қалды.
Жауаптылардың айтуынша,саябақ қараша айының соңына дейін ел игілігіне беріледі.
Бұдан өзге шаһардың басшысы әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан үйлердің де аралап, жұмыс барысын бақылады. Бұған дейін 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескерту беріліп, айыппұл салынған еді. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.
“Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет»,-деді Мұрат Әйтенов.
Мұрат Әйтенов аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын да қадағалады. Мердігер мекеме өкілдеріне тапсырманың тиісті мерзімде бітуі қажет екенін ескертті.

Previous Post

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында жиын өтті

Next Post

Шымкентте құрылыс жұмысы қарқын алған: Өрт депосы талаптарға сай салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі