13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында жиын өтті

3 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында жиын өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын шаралары қарқынды түрде іске асып келеді. Бұл бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осы олқылықпен күресуге еліміздің бас партиясы бел буған. Осыған байланысты «AMANAT»партиясы Шымкент қалалық филиалы арнайы жиын ұйымдастырды.
Мемлекет басшысы Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер ұсынып, тапсырмалар берді. Тапсырмаларды жүзеге асыруға «AMANAT» партиясы белсене қатысып, реформаларды түсіндіру жұмысына атсалысуда. Жиында әуелі жолдауда айтылған мәселелер талқыланды.

Мемлекет отбасыдан басталады. Жақынына зомбылық көрсететін, берекесі қашқан отбасылар тұғырлы мемлекеттің тірегі бола алмайды. Сондықтан осы мәселені дер кезінде шешу керек –дейді партия мүшелері. Халқы тығыз орналасқан өңірлерде көрсеткіштің де көп болуы заңдылық. Десекте жайшылықта күнделікті жағдайдай көрінетін отбасылық зорлық-зомбылықты қоғамдық дертке айналдырмау басты назарда.
Жанұя әл-ауқатын жақсарту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде шаһарда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы енгізілген. Бұл отбасы институтын дамытып, саладағы құқық бұзушылықты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалалық жоба аясында Отбасы, балалар мен жастар ісі жөніндегі басқармалар құрылған. Қиын жағдайға түскен отбасылар мен зорлық-зомбылық тәлкегін тартқандарға тегін қызмет көрсететін әлеуметтік-пихологиялық қызметтер ашылған. Әлеуметтік түйіткілдердің алдын алу бағытында іс-шаралар өткізілген.Онымен қоса, Шымкент қаласында медициналық-психологиялық орталық құрылған. Бұл орталықта ұрып-соғып отбасының берекесін қашырған және ішімідікке тәуелді адамдарды психологиялық әдіспен түзейтін арнайы бағдарлама іске қосылған.

Айта өтсек, «AMANAT» партиясы жанынан Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау кеңесі құрылған. Ол мегаполистегі 68 полиция учаскесімен бірлесіп тұрмыстық кикілжіңнің алдын алу шараларын атқарып келеді. Сонымен қатар тоқсан сайын жиын ұйымдастырып мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Отбасыдағы кикілжіңге себеп көп. Жастардың отбасылық өмірге дайын еместігі де осы олқылыққа түрткі болуда. Қазіргі таңда Отбасылық зорлық — зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі көтеріліп жатыр.

Previous Post

Жемқорлықпен күрес: Шымкентте «Үздік шығармалар» байқауы жарияланды

Next Post

Үшінші мегаполис тағы бір саябақпен толығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі