13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саяси тұғырнамаға тың ұсыныстар жасалды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Саяси тұғырнамаға тың ұсыныстар жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады. Құжат Шымкенттегі әрбір партия мүшесінің қатысуымен тыңдалды. Бастауыш партия ұйымдары, аудандық, қалалық деңгейде жиындар өткізіп, тұғырнамамен танысты. Өзара кеңінен талқыланып, әр қатысушының ой пікірі ескерілді.
Тұғырнама бүгін де «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен кезектен тыс XLIII (43) конференциясында айтылды. Жиынға аудандық конференциядан сайланған 110 делегат, яғни саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуда сондай ақ, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Шымкент қаласынан делегаттар сайлау бойынша жиналғандар дауысқа салды. Жиын соңында шаһар басшысы, партияның қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Шымкент қаласынан сайланған делегаттарды шын жүректен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, осыған дейін «AMANAT» партиясы Қаратау ауданындық филиалына қарасты, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында қалалық конференцияға делегат сайлау жиыны өткен болатын. Партия мүшелерінің, сарапшылардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, азаматтық белсенділердің пікірталастары, ұстанымдары және әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінде түзілген тұғырнама бүгінгі жиынның басты тақырыбына айналды.
Саяси тұғырнама партияның таяу кезеңдегі одан әрі дамуының саяси құжаты. Тұғырнамада балалардың мектепке дейінгі тәрбиесінен бастап, барлық деңгейдегі білім беру саласына ерекше назар аударылғаны көңіл қуантады. Орта білім беретін мектептердің қатарын арттыру, оларды жаңа стандарттарға сай етіп жабдықтау және педагогтардың білім беру қызметінің сапасын арттыру секілді маңызды мәселелер қамтылған. Үш ауысымды мектептері баршылық Шымкент қаласына құжаттың бұл бөлігі өте маңызды деп ойлаймын. Үш ауысымды мектептер негізінен қаланың орталығында орналасқан. Бала саны көп мектептерге қосымша ғимарат салынып, оның құрылысы партия бақылауында.
Жалпы, «AMANAT» партиясының бүкіл саяси платформасы Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған негізгі құрал деп айтуға болады. Партия белсенділері жиналған кездесуде «AMANAT» партиясы – ел болашағына бей-жай қарамайтын, барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы, билік пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір» екенін айрықша атап, маңызды реформаларды табысты іске асыруға ұсыныстар тастады. Жауаптылар әрбір ұсыныс, пікір ескерусіз қалмайтынын ескертеді.
Жаңа Қазақстан жастары халқымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін қастерлей отырып, бүгінгі дәуірдің талабына бейімделген, терең білімді, технологиялық жаңалықтарды еркін меңгерген, көшбасшылық, прагматикалық қасиеттерге ие, ХХI ғасырдың нағыз ұрпақтары болуы керек.

Previous Post

Шымкентте "Менің гүлді аулам" байқауы жарияланды

Next Post

В Туркестане наградили победителей марафона-байги «Улы дала жорыгы»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі