13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Менің гүлді аулам» байқауы жарияланды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Менің гүлді аулам» байқауы жарияланды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімдігі “Менің гүлді аулам” атты байқаудың басталғанын хабарлайды! Аталған жоба — көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс болып табылады. Сайыс қорытындысы нәтижесінде, жеңімпаздар қомақты қаржымен марапатталады. Атап айтқанда, 1 орынға — 3 миллион теңге қарастырылған. Ал екінші орын иеленгендер 1 миллион теңге мөлшерінде қаржыға ие болады. Ал үшінші орын алса 500 мың теңгені қанжығасына байлайды.
Байқаудың мақсаты – шаһар тұрғындарын, қоғамның мүшелерін өз қаласына, өз қоршаған ортасына көңіл бөліп, таза ұстауына, өз ауласына дұрыс қарауға үндеу. Осы жолда жарқын үлгі көрсетіп, нағыз аула жанашырларын марапаттау арқылы, басқаларды да шабыттандыру,дейді ұйымдастырушылар.
Байқаудың басты критерийлеріне ауланы көгалдандыру, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егу және оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасау, кесу кіреді. Ескертейік, отырғызылған гүлдердің 25 %-ы қызғалдақ болуы қажет және қызғалдақ жанында көпжылдық гүлдер отырғызылу қажет. Сонымен қатар, тұрғындардың аула аумағында көгалдандыру, абаттандыру, тазалық пен тәртіп сақтау, сенбілік жасау, ауланы эстетикалық безендіру жұмыстарына белсене қатысуы маңызды рөл атқарады. Құрғақ және зақым келген ағаштардың болмауына да назар аударылады. Қатысушылар фестивальдің жалпы тақырыбын ашып, аумақта атқарылған жұмыстар бойынша презентация әзірлеп, әлеуметтік бейнеролик дайындауы шарт. Бұл тұрғыда, дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолданғаны ескеріледі.
Айта кетсек, суару жүйесі мен гүлзарларға күтім жасаудың оңтайлы шешімін тапқан үміткерлердің жұмысыда бағаланады. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды қолдану мен жалпы сметалық шығыста болуы қажет.
Сайысқа қатысуға өтінім беру науқаны 1 қазаннан бастап қабылданады. Жеңімпаздар 2023 жылдың сәуір айында анықталады.

Previous Post

Шымкентте қоғамдық көліктердің саны тағыда толықты

Next Post

Саяси тұғырнамаға тың ұсыныстар жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі