13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шұбарсу халқының талап-тілегі кезеңімен орындалып келеді

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шұбарсу халқының талап-тілегі кезеңімен орындалып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың халықпен кездесуі 40 мыңнан астам тұрғыны бар Шұбарсу ауылдық округінде жалғасты. Ауыл орталығындағы мәдениет үйінде өткен кездесуге халық көп жиналды. Аудан басшысы алдымен жыл басынан бері атқарылған және соңғы бір-бір жарым ай бұрын шұбарсулықтармен болған кездесудегі ұсыныстардың, талап-тілектердің орындалу барысы туралы баяндады.

— Сіздермен болған алғашқы кездесуде бас-аяғы 29 ұсыныс-пікір білдірдіңіздер. Бүгінгі таңда олардың 9-ы орындалды, 13-і орындалу үстінде. Қалған 7-уі ауданның 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енді. Негізінен ұсыныстар, талап-тілектер коммуналдық салаға қатысты болды. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені Шұбарсуға табиғи газ, ауыз су, электр желілерін тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Одан бөлек орталық көшелерді асфальттау, жан-жағына аяқжолдар төсеу жұмыстары тағы бар. Білемін, су құбырын тарту, электр бағаналарын орнату сияқты жұмыстардың нәтижесінде ішкі көшелер қазылды.

Тұрғындардың, оның ішінде оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайсыздық тудырып жатқаны рас. Осыны ескеріп, қосымша қаржы қарастырып, негізгі-негізгі көшелерді анықтап, соларға тас төселетін болады. Қай көшелерге төсеу керектігін тұрғындар ауыл әкімімен бірге аралап, анықтаңыздар. Ұйымдасып, өз қаражаттарына тас төктірген тұрғындар бар екен. Оларға тасты жайып беру үшін техника жағынан жәрдем беретін боламыз. Жалпы, Шұбарсуда коммуналдық салада ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Барлығы Сіздер үшін жасалынып жатқан дүние. Орын алған қолайсыздықтарға сабырмен қарауларыңызды сұраймын, — деді аудан басшысы.

Қазір Шұбарсу ауылын ауыз сумен қамту жұмыстары 5 кезеңге бөлініп жүргізілуде. Бірінші кезеңі 2021 жылы пайдалануға беріліп, 600-ден астам абонент қамтылған. Ал, қалған төрт кезең 2023 жылға өтпелі. Яғни, келесі жылы 13 мыңнан астам абонент қамтылатын болады.

Сондай-ақ Шұбарсуды табиғи газбен қамту жұмыстары 4 кезеңге бөлініп жүргізіліп жатыр. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Келесі жылы 15 мыңнан астам абонент қамтылады деп жоспарлануда.
Кездесудің екінші бөлігі сұрақ-жауап форматында өтті. Тұрғындар тарапынан ортақ жайылым, ретсіз сауда, аялдама сынды мәселелер көтерілді. Өз кезегінде аудан әкімі әрбір мәселенің шешу жолдарын заң аясында қарастыруды тиісті сала мамандарына тапсырды.

Жиынның соңы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдаумен жалғасты.

Previous Post

Халықпен кездесу Шұбардан басталды

Next Post

Еңбекші ауданы аумағында жалпы қалалық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі