13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықпен кездесу Шұбардан басталды

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентауда Президент Жолдауы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов бекітілген кестеге сәйкес Шұбар ауылдық округінің халқымен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған және шұбарлықтар тарапынан бір айдан астам уақыт бұрын айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша баяндама жасады.

— Өздеріңізге белгілі, ауданға әкім болып тағайындалған бойда ауыл округтердегі 57 елді мекеннің барлығын түгел аралап шықтым. Ондағы мақсат қай ауылда шешімін таппаған қандай мәселе бар екенін анықтау. Нәтижесінде арнайы карта әзірленді. Оның ішінде Шұбар ауыл округіне қарасты ауылдар да енді. Өздеріңізбен болған алғашқы кездесуде 30-ға тарта ұсыныс айтылды.

Атап айтар болсақ, коммуналдық сала бойынша -14, ауылшаруашылық және жер қатынастары бойынша — 10, өзге салалар — 6. Қазіргі таңда 9-ы орындалды, 10-ы орындалу үстінде. Ал, қалған 11-і 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізіліп отыр. Жалпы, даму жоспарына сәйкес (2023-2027 ж.ж.) Шұбар ауылдық округін дамытуға 16 млрд.тг. астам қаражат қажет. Елді мекендерді газдандыру, орталық және ішкі жолдарды жарықтандыру, жол салу, әлеуметтік нысандардың (мектеп, ФАП) құрылысы, су тарту сынды жұмыстар қазір қызу жүргізілуде. Оған өздеріңіз куәсіздер. Аққойлы, Жусансай, Сарытоғай ауылдарында құрылысы түрлі себептермен тоқтап қалған фельдшерлік акушерлік пунктердің құрылысына жан бітіп, оларды жыл соңына қарай пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Қысқасы, Шұбар ауылдық округіндегі ауылдардағы түрлі бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көз алдарыңызда. Бұйыртса, даму жоспарына сәйкес барлық негізгі мәселелер шешімін табатын болады, — деді аудан әкімі.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сауалдар қойылды. Олар негізінен көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін үйлестіру және ортақ жайылым жер мәселелері. Әрбір сұрақ жіті бақылауға алынды және тиісті сала мамандарына аталған мәселелер бойынша жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Previous Post

Дархан Сатыбалды: «Сельское хозяйство можно сделать брендом Келесского района»

Next Post

Шұбарсу халқының талап-тілегі кезеңімен орындалып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі