13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіптің көзін тапқан табысқа жетеді

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кәсіптің көзін тапқан табысқа жетеді
Share on FacebookShare on Twitter

Киелі Отырар өңірінде орналасқан Балтакөл, Маяқұм ауылдарын ел-жұрт қай кезде де бірлігі тарқамаған берекелі ауыл ретінде таныған. Қос ауылдың тұрғындарының еңбекқорлығына, ұйымшылдықтарына қарап сүйсінбеске амалыңыз қалмайды. «Ауылына қарап азаматын таны» демекші өзінің туып-өскен ауылын өз баспанасын қамдағандай кем-кетігін түгендеп, жыртығын жамап, тұрмысын базарлы етуге бар күшін жұмсайтын азаматтар жетерлік.

Аудан әкімінің сапары Балтакөл ауылында бастау алып, жеке кәсіпкер Бөкейхан Нурдаулет Жантөреұлының иелігіндегі «Бөкейхан» шаруақожалығында болды. 20 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер бүгінде Ресей еліне қауын сатумен қатар қауыннан қақ, қауын құрт өндірісін қолға алған.

Одан кейін ауыл округтегі тары өндіру ісін аралады. Аталған кәсіппен айналысатын Сабыржан Досжанов қуаттылығы сағатына 700 кг тары, 1 тонна талқан, 1 тонна жем өндіретін диірмен ашқан. Қазір екі адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің кәсібін дөңгелетіп отырғанына көзін жеткізген аудан басшысы:
«Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келгенге таза ниет болса болғаны. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт. Себебі жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда»-деген С.Сұлтанханұлы кәсіпкерлерге алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің сапары Маяқұм ауылында жалғасын тапты. Ауылда «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында мектеп түлектерінің жыл сайын игілікті істер ұйымдастырып, демеушілік жасауы дәстүрге айналған. Бугін Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 2002 жылғы бітіруші түлектері ауылдың кіреберісіне көркем безендірілген қақпа орнатты. Қақпаның ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі С.Сұлтанханов түлектерге алғысын білдіріп, істеріне береке тіледі.
Мұнан соң аудан басшысы Ш.Уәлиханов атындағы мектепке атбасын бұрып, ондағы білім ұясының жай күйімен танысты.

«Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты — тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі мектепте. Сіздерге білім беру жолында еткен еңбектеріңіз елене берсін!» — деген аудан басшысы мектептегі ұстаздарға жұмыстарына сәттілік тіледі.

Previous Post

Сарыағаш: Дарбазада аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді

Next Post

Отырар: Аудан әкімі Балтакөл, Маяқұм халқымен жүздесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі