13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаш: Дарбазада аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сарыағаш: Дарбазада аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Дарбаза ауылдық округіндегі көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, сұқбаттасып, демеушілер есебінен азық-түлік себеттерін табыстады. Сұхбат барысында әрбір тұрғынның тұрмыс жағдайын сұрап, өтініштеріне құлақ асып, назарға алатынын айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да демеушілер арқылы тұрмысқа қажетті заттар мен әлеуметтік көмектер көрсетілетінін жеткізді.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Сарыағаштықтар қайырымдылық шарасын жиі ұйымдастырады.

Еске салсақ, елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғанда Сарыағаш ауданында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар көбейген еді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар шекаралы аудандағы аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестірген.Сондай-ақ ауданда «Қамқорлық» жобасы да іске асқан болатын. . Аудан әкімі шалғайда орналасқан елді мекендердегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың үйлеріне барып, тұрмыс жағдайларымен танысқан болатын.

Сондай-ақ, тұрмыс жағдайлары нашар жанұялардың тұрғын үйлеріне жөндеу және сыртқы қоршауларын жасап беру жұмыстарына тиісті азаматтарға демеушілер есебінен көмек көрсету мәселесін ұйымдастыруды тапсырған -ды. Айта кетейік, «Қамқорлық» жобасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетіліп, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалған болатын. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту жағы да қаралған.

Previous Post

Туркестан: Аким областивстретился с жителями Сарыагашского района

Next Post

Кәсіптің көзін тапқан табысқа жетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі