13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай: Аудан әкімі шабандоз-чемпионды қабылдады

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жетісай: Аудан әкімі шабандоз-чемпионды қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Төрткүл дүниені түгел мойындатқан қазаққа ғана тән, бағзы заманнан, батыр бабалардан мирас болған асыл өнер, ұлттық спортымыз – көкпарға деген көзқарас өзгеріп, күн санап қызығушылық танытушылардың қатары артып келеді.

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы жуырда ғана Түркияның Изник қаласында өткен IV дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан жеңіспен оралған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жерлесіміз Абылайхан Нышанбеков пен Жетісай аудандық көкпар федерациясының Президенті Сабыр Айбековты қабылдады.

Қырғызстан құрамасымен өткен жауапты кездесу барысында еліміздің ең таңдаулы көкпаршылары сапында намысты қорғаған Абылайханды алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады.
Бүгінде ұлттық ат спортын дамыту, елдімекендерде бұқаралық спортты қолға ала отырып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, көкпар ойынының бекітілген ережелері мен дүбірлі ат додасын өткізуде қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау, адам өміріне төнетін қауіптердің алдын алу, көкпардың бүгінгі жай-күйі жайында пікір алмасты.

Еске салсақ, көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бас жүлдені иленген болатын. Отандастарымызды жеңіске бастаған бұл доданың ақтық сынында Қырғызстан құрамасымен жауапты кездесу барысында Түркістан облысының талантты көкпаршысы Әділет Мамыт екі бірдей салым тастап, қазақстандық шабандоздарды алға сүйреді. Еліміздің ең таңдаулы көкпаршылары құрамасында облысымыздың төрт спортшысы Арман Жамалбеков пен Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан пен Әділет Мамыт өнер көрсетіп, ел намысын қорғады. Әр төрт жыл сайын өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында түркістандық атақты шабандоз Әділет Мамыт өзінің мықтылығын көрсетіп, құрамадағы жігіттерді жеңіске бастады.

«Басы қайырусыз, аяғы жиюсыз жатқан қазақ елінің қанын қыздырып, жүрегіне от беріп, делебесін қоздыратын көкпар ойыны өздеріңіздей азаматтар барда заманына сай жаңғырып, жасарып қазақпен бірге жасай береді. Сондықтан да біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттауға, дамытуға, бекітілген ережелерді қатаң сақтауға міндеттіміз» деді аудан басшысы кездесу соңында.

Previous Post

Түркістан: Өңірде 900-ден астам сайлау учаскесі науқанға дайын

Next Post

Түркістан: Облыс әкімі халықпен кездесуін жалғастыруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі