13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Өңірде 900-ден астам сайлау учаскесі науқанға дайын

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Өңірде 900-ден астам сайлау учаскесі науқанға дайын
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл 20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу 23 қыркүйектен басталды. Кандидаттарды тіркеу 11 қазан күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады. 19 қараша – тыныштық күні. 20 қараша күні сайлаушылар Қазақстан Президентін жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлайды.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Түркістан облысында 19 қыркүйектегі ақпарат бойынша 1 168 475 сайлаушы тіркелген. Өңірде барлығы 919 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда олардағы материалдық-техникалық жабдықталуы толықтай дайын.
Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарына Президент сайлауында дауыс беруге арналған өзінің сайлау учаскесі туралы қажетті ақпарат алу үшін Telegram мессенджерінде арнайы бот іске қосылды (https://t.me/tur_saylaw_bot) және Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды (https://tur.saylaw.kz). Осы байланыс құралдарының көмегімен өңір тұрғындары 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күні дауыс бере алатын сайлау учаскесі туралы толық ақпарат (нөмірі, мекенжайы, байланыстары) ала алады. Айта кетейік, қосымша сұрақтар болған жағдайда 109 Call-орталығына хабарласуға болады. 109 Call-орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, облыс тұрғындары еліміздегі саяси науқандарға белсенді араласып келеді. «Бұған дейінгі сайлауларда өңір тұрғындарының қатысу көрсеткіші бойынша республикада бірнеше рет көш бастадық. Биылғы Президент сайлауында түркістандық дауыс берушілер белсенділік танытады деп ойлаймыз. Өйткені барлық аудан-қалаларда дауыс берушілердің тізімі жасақталып, сайлау учаскелері сақадай-сай. Енді еліміздегі саяси маңызы зор сайлау күнінде облыс тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз», – деді ол.

Айта кетсек, Тәуелсіздік алғалы бері елімізде жалпыхалықтық Президент сайлауы алты рет өткен болатын. Атап айтқанда, 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 және 2019 жылдары. Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20-қараша кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

Previous Post

Түркістан облысында туристік бағыттағы жолдарды жөндеуге басымдық берілуде

Next Post

Жетісай: Аудан әкімі шабандоз-чемпионды қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі