13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

8 қазан күні Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жаппай экологиялық сенбілік өтеді.
Қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың парызы. Осы орайда, мамандар облыстың барлық тұрғындарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.

Сенбілік барысында Түркістан қаласы бойынша әкімшілік іскерлік орталықтың маңындағы көпқабатты үйлердің аумағы, С.Ерубаев көшесінде орналасқан «Жеңіс» саябағы мен Б.Саттарханов көшесіндегі «Жібек жолы» саябағында тағы басқада аумақтарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қаланың барлық көшелері мен саябақтары тазаланатын болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тазалыққа сіз бен біз болып атсалыссақ нәтижесі жоғары болады дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бүгінде облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Қазір барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде. Облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында бүгінде 30 млн данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр.

Ұйымдастырушылар өңір тұрғындарын тазалық шарасына қатысуға шақырады. Тазалық денсаулық кепілі дегенді алға тартқандар қоқысты тазарту арқылы экологияны жақсартуға үлес қосатынын жеткізді.
«Қоқыссыз таза табиғат» акциясы табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және еріктілер қосылады деп жоспарланған. Бір уақытта жиналғандар өңірде қоқыстан тазартып, таза табиғаттың болуына ат салысатын болады.
Сала жауаптылары арнайы жиналу күні мен уақытында белгілеп қойған. Оған сәйкес Түркістандықтар 8 қазан күні, сағат 10:00 де жиналады. Анықтама үшін байланыс нөмірі: 8 775 627 0404.

Previous Post

Түркістан: Облыс әкімі Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті

Next Post

Президент: Бірлігімізді бекемдей білсек, елдігімізді сақтап қаламыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі