13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ҚАШАНДА ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

16 июня, 2020
in Денсаулық
0
ҚАШАНДА ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Созақ аудандық орталық ауруханасында 508 орта буын медицина маманы халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Оның 29-ы акушер, 20-сы фелдьшер, 24-і зертханашы, 5-еуі рентген лаборанты, 2-еуі тіс технигі болса, 427-сі медбике.

Яғни осы буын өкілдері денсаулық сақтау саласының алға жылжуына үлкен үлес қосып, отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлем­дік тәжірибені игеріп, өздерінің күнде­лікті тәжірибесінде медициналық көмек көр­сету сапасын арттыра отырып, мейір­бике­лік күтімді жетілдіру және денсау­лық сақтау жүйесінде шығындарды төмен­дету бағыты бойынша айтарлықтай еңбек етіп келеді. Мейірбике тек қана дәрігер бұй­рығын орындаушы ғана емес, ол ой­шыл, үнемі ізденісте жүретін шығар­ма­шыл тұлға. Оның негізгі мақсаты – адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттігін қанағаттандыруға негізделеді. Яғни бір сөзбен айтқанда, емде­лу­шінің күтімін ұйымдастырушы, күтімін орындаушы, емделушінің ықы­ласын қорғаушы, кеңесші, зерттеуші, ме­ди­­ци­налық топтың белсенді мүшесі. Ен­де­ше науқастарға психологиялық тұр­ғы­дан демеушілік көрсетіп, мейірім­ді­лік таны­тып жүрген ақ желеңді абзал жан­дар­­дың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы.

Сондай-ақ мейірбике өз қызметі барысында ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, медициналық алғашқы жәрдемді жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу бағытындағы скринингтік тексерулер, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуында мейірбикелер жүреді. Сондықтан науқасты қабылдағаннан бас­тап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүре­тін мейірбикелер еңбегі қоғам алдында қашанда бағалана бермек.

Әріптестерімнің біліктіліктері туралы айтар болсам, 105 мейірбике жоғары санатты, 27-сі бірінші, 6-уы екінші санатты мамандар. Енді орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберлігін шыңдау, білімін жетіл­діру бағытында да көптеген жұмыстар атқа­ры­лып жатыр. Мемлекет тарапынан ме­ди­цинасы дамыған елдерге барып тәжірибе жинақтап, жұмысымыз­ды жетіл­діріп жатқан жайымыз бар. Сонымен қатар мейірбикелеріміз өңірлік оқу орт­алық­тарында білікті мамандардан дәріс алып, білімдерін жетілдіру үстін­де. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Тағы бір айтары, рес­пуб­ликалық, облыстық емдеу орталық­тарынан білікті мамандар ауданымызға келіп, түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптарын өткізуде.

Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында талай жыл тапжылмай тер төгіп, еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленген ардақты мейірбикелеріміз, сала ардагерлері де аз емес. Алдыңғы толқын апаларымыздың ұлағатты істері мен өнегелі еңбек жолдары кейінгі толқынға үлгі болары сөзсіз. Жалпы алғанда мейір­герлік кәсіп немесе мейірбике ісі денсау­лық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.

Иә, өмірге сән беріп, тіршілікке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейі­рім­­ділік пен жылылықтың символына айна­лып, игілікті мамандық иесі атан­ған мейіргер ісі – қашанда сый-құрмет­ке лайық. Өйткені тұрғындарға медицина­лық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағ­дай­да мейіргер жұмысына тікелей байланысты.

 

Мадина МАХАНҚЫЗЫ,

Созақ аудандық орталық ауруханасының бас мейірбикесі

 

Түркістан облысы

Previous Post

ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Next Post

АУДАН ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі