13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында белбеу күресінен республикалық күрес басталды

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасы ауданында белбеу күресінен республикалық күрес басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында спорт саласының, оның ішінде күрестің майталманы, ауданымыздың мақтанышы болған Дәулетбек Байжігітұлын еске алуға арналған белбеу күресінен республикалық турнир басталды. Айта кету керек, осынау турнир 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Турнирге арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрбек Бадырақов құттықтау сөз сөйлеп, жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ал, боз кілемде белдесетін спортшыларға сәттілік тіледі.
Дәулет Байжігітұлы 1957 жылы Ордабасы ауданында өмірге келген. 1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың дене тәрбиесі институтын тәмамдаған.Еңбек жолы Кентау қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметінен басталды. 1984 жылдан бастап қалалық спорт мектебінің директоры қызметін атқарды. 1989-1993 жылдар аралығында Кентау қаласында қалалық спорт клубын басқарды. 1993 жылдан кешегі күнге дейін Қажымұқан атындағы Ордабасы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Жаттықтырушы бола жүріп Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарының бірінеше жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлады. Яғни, ол спортты шын сүйген облысымыздың маңдай алды мамандарының бірі бола білді. Сондай-ақ, Дәулетбек Байжігітұлы қазақ күресі, самбо және дзюдо түрлерінен еліміздің чемпионы, абсолютті чемпионы, бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды.

Айта кетсек, жыл сайын өткізіліп тұратын бұл шара қазіргі таңда спорт сүйер қауымның асыға күтетін спорттық мерекесіне айналып отыр.Осы турнирдің жеңімпаздары спорт шебері атағын иеленіп, Әлем чемпионатына жолдама алатын болады. Жалпы, Ордабасы ауданынан ҚР еңбегі сіңген 11 жаттықтырушы, 3 спорт қайраткері, 20 — Әлем жеңімпазы, 19 — Азия жеңімпазы, 17 — Әлем​ және Азия чемпионаттарының​ жүлдегері, 56 – Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 125-тен аса спорт шебері шыққанын мақтанышпен айтуға болады.

Осы жылы аудан спортшылары бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Ұлттық құрамаға енген 10 спортшы еніп отыр. 7 спортшы ҚР жеңімпазы атанып, алтын медаль алса, 9 спортшымыз күміс медальға қол жеткізіп ҚР жүлдегері атанды. 11 спортшымыз облыс құрамасына енді. Облыстық деңгейде де спортшыларымыз биіктен көрінді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Имамдар футболдан сынға түсті

Next Post

Президент сайлауы: Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі