13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Имамдар футболдан сынға түсті

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Имамдар футболдан сынға түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысына қарасты имамдар мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтуде. Дода Ленгір қаласындағы «Жастық» стадионында өтті. Спорттық сайысқа облысқа қарасты 17 қала, ауданнан дін сала қызметкерлерінен құралған командалар қатысып жатыр. Түркістан облысына қарасты имамдары мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан жарысты тоқсан сайын өткізу жоспарланып, бұл жарыс кезек реттілігіне орай Төлеби ауданында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгінгі қоғамда салуатты өмір салтын ұстану – басты қағидалардың бірі. Халық арасындағы ауызбіршілік, ынтымақ, бірлікті сақтауға негіз болған Ислам дінін уағыздаушылар – имамдар, мешіт қызметкерлері.
Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың бастауы ғана емес, халқымыздың рухани байлығын молайтатын қасиетті орын. Дін саласының қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып ғана қоймай, оны насихаттау мақсатында футболдан турнир ұйымдастыруы – қуантарлық жағдай. Салауатты өмір салты – бұл дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, жаман әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты жақсартуға және сақтауға бағытталған адам өмірінің тұжырымдамасы. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал мақсатында қазірдің өзінде 371 спорттық нысан жұмыс істейді», – деді құттықтау сөзінде Сержан Дауылбайұлы.

Жеңімпаз атанған командалар марапатталады. Сайыс барысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапаттан құр қалмайды. Турнирге қатысушыларға кәсіпкер Бегалы Рысбеков арнайы дастархан жайып, құран бағышталды. Ауданда футбол ойынын дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымдарын салу жоспарлануда.

Бұл бағытта Бірінші Мамыр ауылынан заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Шалғай елді мекендерде демеушілер және мемлекет есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланып отыр.

Previous Post

Бастауыш білім жеке тұлғаны қалыптастырады

Next Post

Ордабасы ауданында белбеу күресінен республикалық күрес басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі