13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтаарал аудандық Батагөй қариялар байқауы өтті

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мақтаарал аудандық Батагөй қариялар байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал мәдениет үйінде «Баталы ер арымас» атты аудандық батагөй қариялар байқауы өтті. Байқау шарты бойынша 60 жастан асқан қариялар қатысты. Атадан балаға мирас болған салттың бірі – бата беру. Алаш жұрты дастарханға отырудан бастап, үлкен шаруаны қолға алу, алыс сапарға шығу, жастардың некесін қию, тағысын тағы тіршілігін батасыз бастамаған. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз жер жарымас», «Батасыз ел, пәтуасыз ел» деген сынды мағыналы мақалдар текке айтылмаған. Белгілісі, батаны қарт қариядан, абыз ақсақалдан, өнегесі мол үлкеннен күткен.арихқа көз жүгіртсек, қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген. Оған қоса, батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Сол арқылы бұқараны бос нәрседен тыйып, пайдалы нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым. Ол тікелей батагөйлердің беделіне қарай халыққа әсер етіп отырған.

Ертедегі батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің іске асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын алып, бәтуәлі бағыт-бағдарын берген. Мәселен, «Шырағым, ер жетерсің, Ер жетсең, сірә, не етерсің. Алысқа шырқап кетерсің, Шыңдасаң, шыңға жетерсің». Бұл «Абай жолы» романында Дулат ақынның Абайға берген осынау батасының дана ақынға жол ашар болғаны айтылады. Айта кететіні, ел арасында «Пәленшеден бата алған» деген сөз тіркесі бар. Бірақ бұл тіркесті бүгінде жиі естімейміз. Дастандарды парақтасақ, батырларға би-шешендердің бата берген кезі көп. Мысалға, әйгілі Сырым батыр Бөкей биден, Төле би Әнет бабадан, Жыр алыбы Жамбыл ұстазы Сүйінбайдан бата алғанын беске білеміз. Бұл бұрын. Ал, қазір қоғамнан бата алғандар жайлы сирек естиміз. «Ғайыптан тапқан алтыннан, ақсақал берген бата артық» демекші, ақ батаның қоғамдағы рөлін қайта асқақтатсақ игі.

Мұндай байқаулардың берері көп, әрине. «Бүгінде бата беретін қария жоқ» деген пікір жиі айтылатыны рас. Тілек айту мен бата беруді шатастыратындар да бар. Аталған байқау осы олқылықтың орны толтыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Әрі қатысуға ниет білдіргендердің қатары да көп болды.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат та сол: қол жайып бата сұрағанға бақ тілейтін мәні мен маңызы зор, сөзі үміт сыйлайтын бата беру дәстүрін қайта жаңғырту болып табылады. Қазақтың қара сөзінен қаймақ айыратын данагөй қариялардың қатары мол екендігін көріп, бабадан балаға жалғасып келе жатқан қазақы дәстүрдің тіні үзілмейтіндігін байқап көңіл демделгендей. Алдағы уақытта аталған байқау дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Мақтаарал мәдениет үйінде «Баталы ер арымас» атты аудандық Батагөй қариялар байқауы өтті. Байқау шарты бойынша игі шараға 60 жастан асқан қариялар қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша бата беру байқауында 1 орынды 70 жастағы Қожаев Әбдіәкім, екінші орынды 69 жастағы Мырзақұлов Базарбай, ал үшінші орын Сесанов Әмірәлі мен Серіков Қалмағанбет ата иемденді. Байқауға қатысқан барлық қарияларға заттай бағалы сыйлықтар және дипломдар табыс етілді.

Previous Post

Зейнеткерлер арасында аудан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Next Post

ТҮРКІСТАН: Ерекше білімді қажет ететін оқушылар ұстаздарға арнап өнер көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі