Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бір топ алтын құрсақты ананы қабылдап, оларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыс етіп, құрмет көрсетті. Аудан басшысы ардақты аналарға өмірдің бар жақсылығын тілеп, елімізде аналар мен балаларға көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылып, 18 жасқа дейінгі әр балаға ұлттық қор табысының 50 пайызы есепшоттарына жиналатынын жариялады. Сонымен қатар нәзікжандылардың зейнеттік жасын 2028 жылға дейін 61 жас қылып белгіледі. Бұл өз кезегінде аналар қауымы мен балаларымызға мемлекет тарапынан жасаланып жатқан үлкен қолдаудың бір бөлігі деп білемін», деді Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде.
Түлкісбас ауданында жыл санап алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда. Бұл – өте қуанышты көрсеткіш. Бүгінгі таңда ауданда 146 батыр ана, 677 «Алтын алқа», 1774 «Күміс алқа» және 252 бірінші және екінші дәрежелі «Ана данқы» иелері бар болса, бұл жолы 39 алтын құрсақты анаға алтын және күміс алқалар табысталып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда көп балалы аналар деп төрт және одан да көп баласы бар әйелдерді айтады. Ал алты және жеті бала туғандарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» наградалары тағайындалады. «Алтын» және «Күміс» алқасы барлар:
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әрбір көп балалы анаға ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы өмір бойы, яғни зейнетке шыққаннан кейін де тоқтамайды және оның табысына қарамастан тағайындалады. қоғамдық көлік салығы;
- жер салығы мен жеке тұлғалардың мүлік салығы (1000 еселенген АЕК мөлшері шегінде);
- тұрғын үй қоры, оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша салық;
- нотариалдық және заңды әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж салығы (жеке куәлік, төлқұжат жасау);
- зияткерлiк меншiк саласындағы мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн төленетін мемлекеттiк баж салығынан босатылады.